Мақала авторлары назарына!

2025-05-08

Құрметті автор,

Сіз(дер)ге "ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы" журналының 2025 жылғы жазғы санынан бастап мақала жариялау жарнасының өзгергенін хабарлаймыз!

2025 жылғы №2 (42) 2025 санынан бастап мақала жарнасы жарияланатын мақаланың бет санына қарамастан 60 000 (алпыс мың) теңге болып бекітілді. Бұл мақалаға қойылатын техникалық талаптағы көрсеткішке (Кіріспеден Қорытындыға дейінгі мәтін 3000-7000 сөз аралығында болуына) қайшы келмейді.

Қазақстандық автор(лар)мен ынтымақтастығы жоқ шетелдік автор(лар) немесе авторлар ұжымының қожазбалары тегін жарияланады.

Құрметпен, 
"ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы" журналының редакторлар алқасы