ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ

Авторлар

  • Қ.Қ. Сәрсембина

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-2-113
        292 0

Аннотация

Мақалада қазақ халқының мұсылманшылығы ғасырлар қойнауынан тамырын тартқан дәстүрмен бірге өрілгендігі түйінделген.

Кез – келген дін адам баласының игілігіне қызмет етеді. Діннің қоғамдағы негізгі қызметі адамгершілікке тарбиелеу, адамдық дәнін қоғамға жаю. Қазақ халқы да өзіндік қайталанбас мәдениетке ие. Көшпелі өмір халқымызды табиғатқа етене жақын болуға, табиғат сырын түсінуге, табиғатты қадірлеуге үйреткен. Қазақтың дәстүрлі қоғамында ең басты құндылық  адамды сыйлау, құрметтеу болғандығы белгілі.  Сондықтан да, қазақ халқының рухани және материалдық мәдениеті қайталанбас құндылықтарға толы.

Мәдениет пен дін егіз ұғымдар. Халықтың мәдени болмысын шыңдайтын дін. Дінді түзу түсіну мен түсіндіру арқылы мәдениетті дамытамыз.

Мақаланы жазудағы басты мақсат- қазақ халқының өзіндік төл мәдениетінің биік болуына ислам дінінің тигізген ықпалын, қазақ халқы ғасырлар қойнауынан келе жатқан дін мен дәстүрі арқылы елі мен жерін қорғағандығын, ұлттық санасы мен ұлттық рухының биік болғандығын зерделеу.  Жыраулардың дінді халыққа түзу түсіндірудегі рөлдерін, идеолог қызметін атқарып, ұлттық сананы биіктеткендігін дәйектеу. Сонымен қатар, Абай, Шәкерім, Алаш зиялыларынының халықты рухани тәрбиелеуге жол ашқан шығармаларын зерделеу арқылы ұрпақты адасудан сақтап, төл дәстүрімізден ажырамауға үлес қосамыз. Өйкені, иманды адам ұлтын қадірлейді, ұлтына, адамзатқа  барлық болмысымен қызмет етеді. Адамды рухани жетілдіру мәселесі жаһандану заманында басты проблемалардың бірі болып отыр. Сондықтан, мақалада ислам дінінің Отансүйгіштікке айрықша мән бергендігі дәйектеліп, Құран мен хадистер мазмұнына сай этнологиялық мақал-мәтелдердің өмірден орын алғандығы зерделенген. Ұлттық тәрбиенің арқасында діни секталар мен жат күштердің  дәстүрлі қоғамға ене алмағандығы, ал ұлттық тәрбиенің қуаты азайған уақытта түрлі ағымдардың жетегінде кеткен жастарымыздың болуы түйінделген.

 Терроризм, экстремизм түсініктерінің ислам теориясына қайшы келетіндігі, қазақ халқының табиғатына жат екендігі тұжырымдалған.

Қосымша файлдар

Как цитировать

Сәрсембина, Қ. (2017). ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 10(2), 30–37. https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-2-113