Дін және Қазақстанның заманауи мәдениетi
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v21.i1.r7Аннотация
Қазақстанның заманауи өнері КСРО тарағаннан кейін қалыптасты. Суретшілер өз шығармаларында қазақ халқының сал-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына бет бұрып, Қазақстанның заманауи көркем өнерінің өзіндік ерекшелігін жан-жақты қарастырып, талдау жасайды. Мұндай үрдіс бүгінгі күні тек бұрынғы суретшілерде ғана емес, жас суретшілер арасында да жиі кездесіп орын алғандығы туралы қорытынды жасауға толық негіз бар. «Бірегейлікті іздеу» мәселесінің басты тақырыбы тәңіршілдікке, шаманизмге бағытталып, жаңа ұлттық идеологияны іздеуде көрініс тапты. Жаһандану және ақпараттық технологиялардың даму кезеңі қазіргі қоғамдағы діннің рөлін кеміткен жоқ. ХХ ғасырдың аяғы діннің тек қана саяси және қоғамдық өмірге оралуымен ғана ерекшеленбей, сонымен қатар бұл кезең заманауи өнердегі діни тақырыптың қайта жаңғыруы үрдісінен көрініс тапты. Қазақстанның заманауи өнерінде дінді, оның ішінде исламды сынға алу орын алды. Мақалада Қазақстандағы заманауи өнердің визуализация және рефлексия арқылы дінді, фундаментализмді, радикализацияны, дәстүршілдікті қабылдауы қарастырылады. Авторлар руханилық, фундаментализм және жаһанданудың әлеуметтік-мәдени үдерістерге ықпалымен байланысты сұрақтарды зерттеуде сандық технологияларды қолдануды өзара үйлестірген қазақстандық суретші Әнуар Мүсіреповтің шығармашылық қызметіне қысқаша шолу жасалынды.