Айқыш таңбасының символдық мәні және оның трансформациясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v21.i1.r1
        116 0

Аннотация

Қазіргі уақытта әлем халықтарының дінге, жаңа діни ағымдарға, оның ішінде, діни әдеттер мен жоралғыларға, діни дәстүрлер мен ырым–тыйымдарға, діни рәміздерге деген үлкен қызығушылықтары байқалады. Осы жағдай авторларды христиан дінінің басты символы болып табылатын айқышты (крест), оның символдық мән–мағынасын және өзгерістерге ұшырауын зерттеуге итермеледі. Мақалада айқышты діни символ және діннің феномені ретінде қарастыру мәселесіне басты орын берілген. Зерттеу жұмысында мәдениет пен адамзат қызметінің символы, адамның әлемдегі, қоғамдағы және өзінің психологиясындағы бағдарлану нысаны ретіндегі болған айқыш тарихи маңызды және методологиясы күрделі құбылыс ретінде көрсетіледі. Мақалада әртүрлі мәдениеттердегі айқыштың пайда болуынан бастап, тарихи даму процесінде көрініс тапқан полисемантизмге дейінгі көптеген мәселелер қарастырылады. Зерттеуде айқыш адамзат тарихының алғашқы кезеңдерінде әртүрлі формаларда көрініс тапқан полисемантикалық және көп функциялы объект ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, мақалада христиандыққа дейінгі кезеңдердегі кейбір мәдениеттердегі айқыш таңбасының эволюциясы көрсетіледі, христиан және басқа мәдениеттердегі айқыш символының мәні мен мағынасы ашылады және де әр түрлі халықтардың символ мазмұнына енгізген түсініктеріне баға беріледі.   

Қосымша файлдар

Как цитировать

Mustafina, Z., & Borbassova, K. (2020). Айқыш таңбасының символдық мәні және оның трансформациясы. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 21(1), 4–16. https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v21.i1.r1