Қазақстандағы ислам дінінің құндылықтарын насихаттайтын сайттар

Авторлар

  • А. Zhamashev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті http://orcid.org/0000-0002-5330-9437
  • S. Bileken Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v21.i1.r4
        140 0

Аннотация

 Бұл мақалада исламтану және дінтану саласына қатысты Қазақстан аумағындағы ислам діні бойынша ақпарат тарататын веб-сайттар қарастырылады. Қазіргі уақытта әлем бойынша адамдардың көпшілігі ақпаратты интернет көзінен алады. Қазақстанның қазіргі кездегі діни сауаттылық жағдайына жасалған талдау діни мәліметтерді таратуда сайттардың күші өте жоғары екендігіне тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Бұл тұста ел қауіпсіздігі үшін діни ақпараттарды діни сайттар арқылы сенімсіз қайнаркөздерден алуға болмайды деген пікір білдіруге болады. Сонымен қатар, бүгінгі күнгі интернет аймағында діни сайттар арқылы экстремизмнің насихатталуы күн арта өзекті мәселелер қатарына айнала бастағандығы сөз болады. Зерттеу кезінде келесі нәтижеге қол жеткізілді: қазіргі таңда жастардың көпшілігі ақпарат  алу үшін бірден сайттардың көмегіне жүгінеді. Діни сауалдарға жауап табу үшін мешіт имамдарына немесе  діни басқарманың сараптауынан өткен кітаптарға бет бұрудың орнына интернет бетінен оңай әрі тез жауаптарын алып жүр. Ал еліміздегі діни сайттардың барлығы діни сараптаманың оң қорытындысын алмаған.  Бұл – өз кезегінде тексерілмеген діни мәліметтерді алу жастар үшін өте қауіпті жағдай және қауіптілігін қазіргі уақытта көрсетіп келе жатқандығының анық көрінісі.

Қосымша файлдар

Как цитировать

Zhamashev А., & Bileken, S. (2020). Қазақстандағы ислам дінінің құндылықтарын насихаттайтын сайттар. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 21(1), 30–35. https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v21.i1.r4