Өзбекстандағы исламтанудың (құрантану) дамуы: тарихы және қазіргі хал-ахуалы

Авторлар

  • D. Maxsudov Өзбекстан халықаралық ислам академиясы

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v21.i1.r6
        111 0

Аннотация

14 ғасырға жуық уақытта Құран аяттарының тұжырымдамасы мен түсіндірмелері үшін көптеген кітаптар жазылып, зерттеулер жасалынуда. Әрине, Құран ислам дінінің қасиетті кітабы болып есептелінетіндіктен ислам дінінің негізі болып табылатындығы белгілі. Өйткені, Құран – исламның негізгі қайнар көзі және бұл кітапты дұрыс түсіну діннің өзін дұрыс түсіну деп саналады. Ежелден бері муфассирлер (Құран тәпсіршілері) Құран туралы дұрыс түсінік беруге тырысты. Бұл жағдайда Мәуәраннаһр мүфассирлері ислам әлемінің басқа бөліктеріндегі әріптестерінен артта қалмағандығы анық. Ғалымдар муфассир білуге тиісті ғылымдарды анықтап айқындап берді. Ғалымдар тарапынан аталған ғылымдарды меңгерген муфассирлердің түсініктемелері қабылданып отырды. Аталған мақалада ортағасырлық Мәуәраннаһрдағы тафсир ғылымының дамуы және сол уақыттағы муфассир ғалымдардың ғылыми мұрасы мен рөліне талдау жасалынды. Шын мәнінде, ислам дінінің алғаш қалыптасу кезеңінен бастап Құран аяттарына түсіндірме беру, тәпсірлеу өзекті мәселелердің біріне айналды. Сондықтан, алғашында Мұхамед Пайғамбардың өзі аяттарға түсініктеме беріп отырса, одан кейінгі кезде тафсир ғылымын жеткілікті меңгерген оның ізбасарлары, қолдаушылары: табииндар мен муфасирлер аяттарды тәфсирлеу мәселелерін қолға алды. 

Қосымша файлдар

Как цитировать

Maxsudov, D. (2020). Өзбекстандағы исламтанудың (құрантану) дамуы: тарихы және қазіргі хал-ахуалы. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 21(1), 60–67. https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v21.i1.r6

Шығарылым

Бөлім

Шетелдік басылымдар