Ахмад ибн Мансур және басқа да испиджабтық ғалымдар

Авторлар

  • Bizhan Ilesbekov Egyptian University of Islamic Culture Nur-Mubarak
  • Shamshadin Kerim Egyptian University of Islamic Culture Nur-Mubarak
  • Azamat Zhamashev Egyptian University of Islamic Culture Nur-Mubarak

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs.2020.v22.i2.r2
        91 0

Аннотация

Орта Азияда ханафи мәзһабының дамуына Қазақ жерінен шыққан ғалымдар зор үлес қосқан. Атап айтар болсақ, Тараз, Фараб, Исфиджаб, Сығанақ және басқа да қалалардан әлемге танымал ғұламалар шыққан. Олардың әрқайсысы ғылымның әр алуан саласында құнды еңбектер жазып қалдырды.

Аталған мақалада Қазақстан исламтануының ортағасырлық өкілі Ахмад ибн Мансур әл-Испиджабидің өмірі, ғылым жолы, еңбектері, діни және мемлекеттік лауазымдардағы қызметі баяндалады. Сондай-ақ Испиджабтан шыққан басқа да ғалымдардың есімдері мен өмірбаяндары келтіріліп, жалпы испиджабтық ғалымдардың классификациясы жасалады.

Ахмад ибн Мансур әл-Испиджабидің еңбектерінің аты мен саны тарихи және биографиялық еңбектерге жүгіну арқылы нақтыланады. Олардың қаншасы күні бүгінге дейін қолжазба күйінде жеткендігі әрі әлемнің қандай кітапханаларында сақталғандығы жайлы нақты мәліметтер беріледі. Ахмад ибн Мансур әл-Испиджаби Қараханилер дәуіріндегі өмір сүргендіктен, оның Қарахан басшыларымен байланысы және сол кездегі діни-саяси жағдай талқыланады.  

Ахмад ибн Мансур әл-Испиджабидің еңбектерінің маңыздылығы, ханафи мектебіндегі орны салыстырмалы және анализ әдістері арқылы дәлелденеді. Сонымен қатар ғалымның еңбектерін қазақстандық исламтану мектебіне негіз етіп, ғылыми айналымға енгізу мәселелері қарастырылады.

Библиографиялық сілтемелер

Абдулкарим ибн Мұхаммед әс-Сәмғани. әл-Әнсәб. – Хайдар Абад: «әл-Мағариф әл-Османия», 1962. 543 б.
Абдулхай ибн Фахруддин ибн Абду-л-Али әл-Хусни әт-Талиби. Әл-Иғлам бимән фи тарих әл-һинд минә-л-ағлам. Бейрут: «Дәру ибн Хазм», 1999. 3-том. 287 б.
Абу Мұхаммед Мұхитдин әл-Ханафи. әл-Жауаһир әл-мудия фи табақат әл-ханафия. – Каратиши: «Мир Мухаммад кутуб хана», 1995. 1-том. 562 б.
Абу Абдулла Мухаммад ибн Әбу Бакр ибн Қаиим әл-Жаузия. Әт-Туруқ әл-хукмия фи сиясат әш-шарғия. Мекке: «Дәру алам әл-фауаид», 1428. 1-том. 514 б.
Абу Исхақ Ахмад ибн Ибраһим әс-Сағлаби. Әл-Кашф уа-л-баян ған тәфсири-л-Қуран. Жидда: «Дәру-т-тәфсир», 2015. 5-том. 427 б.
Абу Сағд Ахмад ибн Мухаммад әл-Мәлини. Китаб әл-Арбағин фи шуюх әс-суфия. Бейрут: «Дәру-л-башаир әл-исламия», 1997. 227 б.
Дербісәлі Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. – Алматы: «Рауан», 1995. – 237 б.
Исмаил ибн Мұхаммед Амин әл-Бағдади. Хадияту әл-Арифин әсмә әл-муәлләфин уа әсәр әл-мусаннафин. – Ливан: «Дәру ихия әт-турас әл-араби», 1951. 842 б.
Камалуддин Ибн әл-Фути әш-Шайбани. Муғжам әл-әдәб фи муғжам әл-алқаб. Иран: «Муассасату-т-тибаға уа-н-нашр», 1416. 6-том. 347 б.
Камалуддин ибн әл-Адим. Бағият әт-талаб фи тарихи Халаб. «Дәру-л-фикр» (жылы көрсетілмеген). – 3-том. 525 б.
Манабаев Б.М. Орталық Азия мұсылман құқығы тарихындағы Али ибн Мұхаммад әл-Исбиджабидің (535/1141 қ.б.ж.) орны мен маңыздылығы (6D020600 – Дінтану, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация). – Алматы, 2017. 130 б.
Махмуд ибн Сулайман әл-Кафауи. Ката`ибу ағлам әл-ахиар мин фуқаһа`и мәзһаб ән-Нуғман әл-Мухтар. Түркия: (Қолжазба) Milli eitim bakanligi 887. 858 б.
Муминов А.К. Ханафитский мазхаб в истории Центральной Азии. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2015. – 400 с.
Нәжмуддин Омар ән-Нәсәфи. Әл-Қанд фи зикри уләмәи Самарқанд. – Иран: «Мират әт-турас», 1999. 888 б.
Нуртазина Н.Д. Ислам в истории средневекового Казахстана (историко-культурологическое исследование): Монография. Алматы: «Фараб», 2000. 312 с.
Фуат Сезгин. Тарих әт-турас әл-араби. – Сауд Арабия: «Жамиғат әл-имам Мухаммад ибн Суғуд әл-исләмия», 1991. – 3-том. 387 б.
Шиһабуддин Иақут ибн Абдулла әл-Хамауи. Муғжам әл-Булдан. – Бейрут: «Дәру Садир», 1995. 1-том. 538 б.
Шамсуддин Әбу Абдулла ибн Қаймаз әз-Зәһәби. Тәрих әл-Ислам уа уафаят әл-мәшәһир уа әл-ағләм. «Дәру әл-Ғарб әл-Исләми», 2003. – 10-том. 560 б.

Қосымша файлдар

Как цитировать

Ilesbekov, B., Kerim, S., & Zhamashev, A. (2020). Ахмад ибн Мансур және басқа да испиджабтық ғалымдар. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 22(2), 11–18. https://doi.org/10.26577/ejrs.2020.v22.i2.r2