Шиға мәзһабының пайда болуының діни, саяси, әлеуметтік себептері

Авторлар

  • A. Satybaldiyeva Нұр-Мұбарак Египет ислам мәдениет университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • А. Duissenbayeva Нұр-Мұбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • M. Issakhan Нұр-Мұбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2021.v25.i1.r3
        106 0

Кілттік сөздер:

шиға, халифа, әһлі-байт, Махди, имам

Аннотация

Мақалада ислам тарихындағы тұңғыш үлкен бөлінушілікке түрткі болған шиға мәзһабының тарих сахнасына шығуының діни, саяси, әлеуметтік себептері талданады. Тарихи деректерді негізгі ала отырып, пайғамбардың (с.ғ.с) туыс інісі, орынбасары әрі күйеубаласы, сондай-ақ, әһлі-байттың бастаушысы Әлидің алғашқы халифа бола алмауы туралы зерттеушілердің көзқарастары ой елегінен өткізіледі. Әлидің ұлықталуына әсер еткен жеке басының қасиеттері де көрсетіледі. Оның халифалығын жақтаушы діни топтың пайда болуы, аталған діни топтың қозғалысқа айналуы, қарсыластар тарапынан қуғын көруі, өз ішінен бірнеше тармақтарға бөлінуі, тарихтың әртүрлі кезеңінде базбір билеушілер тарапынан қолдау табуы және бувейх, фатими, сафевид, аққойлы, қарақойлы секілді мемлекеттерді құруы туралы деректер ғылыми тұрғыда сараланады. Шиға мәзһабы өкілдерінің алғашқы халифаларды әділ бола алмады деп мансұқтауына түрткі болған тарихи оқиғалардың қаншалықты маңызды немесе маңызды емес болғандығы зерделенеді. Шиға мәзһабының пайда болуының әлеуметтік себебі ретінде арабтардан басқыншылық көрген парсылар мен әмәуи және аббаси әулетінен қуғын көрген әһлі-байттың мүддесінің тоқайласуы, осылайша шиға топтарының Иран жерінде салтанат құрғандығы сөз болады. Сонымен қатар, Хижаздан тысқары жатқан Иемен және Бахрейн өлкелеріне шиғаның таралуы себептері көрсетіледі. Шиғалардағы «махди», «ғайып имам», «тақия», «реинкарнация», «веда» түсініктерінің пайда болуына әсер еткен факторлар да ғылыми тұрғыдан талданады. Құранда аттары өтетін Қызыр мен Ілияс пайғамбарлар туралы шиғалық бағыттағы сопылық қауымдастықтардың өзгеше пікірлері де ғылыми мақаланың нысаны ретінде қарастырылады.

Түйін сөздер: шиға бағыты, халифа, әһлі-бәйт, махди, имам.

Библиографиялық сілтемелер

Allame Tabatabai. Tüm Boyutlarıyla İslam'da Şia. Kevser Yayınları. İstanbul, 1993. 302 б.
Феййаз А., Тарихул-Имамие уа Аслафухум Минеш-Шиа, -Бейрут, 1975. 451 б.
Hamıdullah M., Islam Peygamberı. Çev: Tug S. -Istanbul. 1991. II cılt. 1870 б.
Мухаммад Абу Заһра. Тарих әл-мазаһиб әл-исламия фи ас-сияса уәл-ақаид уа тарих әл-мазаһиб әл-фиқһия. – Каир, Египет: «Дар әл-фикр әл-араби» баспасы, 1996. 714 б.
İbnul Emin Mahmut Ecad Seydişehri. İslam Tarihi. Divan Yayınları. 2 cilt. İstanbul, 1983. ІІ том. 1252 б.
Шабани Р. Иран тарихы. Зерде. Алматы. 2002. 236 б.
Прозоров С.М., Арабская историчиская литература в Ипаке, Иране, в Средней Азий VІІ-Х в. Шиитская историография. Наука. Москва. 1980. 249 б.
Қарабиық О., Ислам діні. Алматы. 2007. 133 б.
Хизметли С. Мезхептер тарихы. Түркістан, 2000. 52 б.
Ибн Хазм аш-Шахристани. Әл-Фасл фил-миләл уал аһуа уан-нихал. – Каир, Египет: «Мактабат әл-ханджи» баспасы, 1969. 451 б.
Әл-Хафиз Абуль-Фида Исмаил ибн Касир ад-Димашқи. Тафсир әл-Қуран әл-Азим. – Бейрут, Ливан: «Дар Ибн Хазм» баспасы, 2000. 233 б.
Hüseyin Atay. Ehl-I sünnet ve şia. Ankara universitesi ilahiyat fakultesi yayınları. 1983. 275 б.

Қосымша файлдар

Как цитировать

Satybaldiyeva, A., Duissenbayeva А., & Issakhan, M. (2021). Шиға мәзһабының пайда болуының діни, саяси, әлеуметтік себептері. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 25(1), 19–27. https://doi.org/10.26577//EJRS.2021.v25.i1.r3