Орталық Aзия елдеріндегі мемлекет пен дін арақатынасы
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2021.v25.i1.r1Кілттік сөздер:
дін, Орталық Азия, діни ұйымдар, заң, діни ахуалАннотация
Коммунистік идеология кезінде Кеңес одағындағы бірқатар азаматтары діни білімге қол жеткізе алмады. Ұзақ уақыт бойы Орталық Азия аймағындағы мемлекеттерде өздерінің діни білім беру мекемелері болған жоқ. Тәуелсіздік алғаннан кейін және шекара ашылғаннан кейін Орталық Азия елдерінің сыртқы әлеммен белсенді өзара іс-қимылы басталды, соның ішінде, көптеген азаматтар араб елдеріне діни білім алуға кетті. Өз кезегінде, шетелдік ислам орталықтарындағы теологиялық білім алу барысында студенттер өз халқының менталитетіне жат діни көзқарастар мен құндылықтарды бойына сіңірді. Елдеріне оралғаннан кейін олар ислам атын жамылған радикалды идеяларын насихаттай бастайды. Өздерінің бұл іс-әрекеттеріне тыйым салынғанын және заңсыз екендігін түсінетін исламисттер көзге көрінбестен құйтырқы әрекеттерін жүзеге асыратын жастарды арбай бастайды. Радикалды діни көзқарастарды уағыздаушылар арбау барысында жаңа мүшелеріне қатыгездік пен жек көрінушілікті діни канондармен ақтап, саналарында қалыптастыра бастайды. Мұсылмандардың көпшілігінің діни сауаттылығының төмен деңгейде болуы, шынайы дінді фанатизм мен экстремизмнен ажырата алмауы радикалды көзқарастың таралуына ықпал етеді. Исламдық негіздегі экстремизмді жақтаушылар санының өсуіне қарай олардың зайырлы мемлекетпен діни-идеологиялық күресі қарулы шайқасқа ұласуы әбден мүмкін. Аталған мақалада өңірді таныстыратын республикалардың басшылығы азаматтарды діни экстремизмнен қорғау және заңға бағынатын дінді ұстанушылардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіруге жол бермеу арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажет. Сондай-ақ, мақалада Орталық Азияның посткеңестік елдеріндегі діни ахуалдың ерекшеліктері қарастырылады, діни мәселелерді реттеудің құқықтық негіздері, Мемлекеттік тұжырымдамалардың, бағдарламалардың маңызы сипатталады. Сонымен қатар, Орталық Азия елдеріндегі діни-теологиялық білім беру мәселелерінің ерекшеліктері қарастырылады. Мақалада зайырлы қағидаттар мен зайырлы елдегі діни мәселелерді реттеудің маңызы анықталған.
Түйін сөздер: дін, Орталық Азия, діни ұйымдар, заң, діни ахуал.Библиографиялық сілтемелер
Ohlsson H. «Teaching About Religion in a Post-Soviet State: An Examination of Textbooks in Kazakhstan’s Upper Secondary School system». – Stockholm: «UPPSATS». 2014. – 86
Svante E. Cornell S. Frederick Starr Julian Tucker. «Religion and the Secular State in Kazakhstan». – Washington: «SILK ROAD PAPER». – 2018. - 96
1. https://www.akorda.kz/en/official_documents/constitution
2. https://cis-legislation.com/document.fwx?rgn=31497
3. https://constitution.uz/en
4. https://cis-legislation.com/document.fwx?rgn=2213
5. https://constitutions.unwomen.org/en/countries/asia/turkmenistan
6. https://cabar.asia/en/what-is-the-situation-with-religious-education-in-central-asia-interview-with-sebastien-peyrouse
7. https://online.zakon.kz/document/?doc_id=30118747&doc_id2=30118747#pos=49;-99.80000305175781&pos2=1471;-81.80000305175781
8. https://newtimes.kz/obshchestvo/61320-religioznaya-situatsiya-v-kyrgyzstane-vyzovy-i-riski-dlya-tsentralnoj-azii