Тәуелсіздік жылдары Қазақстандағы постсекулярлы қоғам жағдайындағы діни ахуалдың даму үрдістері
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2021.v26.i2.r1Кілттік сөздер:
Қазақстан, тәуелсіздік, заң, постсекулярлы қоғам, діни ахуалАннотация
Қай қоғамда болса да дін адами құндылықтардың қайнар көзі. Дін болмаса, адамзат қоғамының тарихы да, мәдениеті де болмас еді. Кеңес билігі тарағаннан кейін Қазақстанда «Діни сенім және діни бірлестіктер туралы» Заң діни қызмет атқаруға, діни ілімдерді насихаттауға, діни әдебиеттерді оқу мен таратуға және құлшылық етуге еркіндік берді. Сондықтан Қазақстанның тәуелсіздігі азаматтық қоғам мен нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің орын алуымен де сипатталады. Қазақстан – көптеген ұлт өкілдері мен түрлі діни конфессиялардың шоғырланған шаңырағы. Сол себептен заман ағымындағы өзгерістермен бірге қазіргі таңда Қазақстандағы діни жағдай көп дінді, күрделі әрі үдемелі болып табылады. Қазақстанның дінаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясаты дінаралық сұхбатты дамытуға, толеранттылықты нығайтуға және дін саласындағы заң талаптарын орындауға бағытталған. Қазақстанда дінаралық келісім мен тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін барлық жағдайлар бар. Ұлтаралық және дінаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастың тұрақтылығын қолдау Қазақстанның болашақтағы дамуының негізгі бағыттарының бірі. Дәстүрлі діндер: ислам және христиандықтың қазақстандық қоғамның қалыптасуында алатын орны ерекше. Бүгінгі контексте олардың аса маңызды гуманистік бітімгерлік қарымы бар екенін және Қазақстандағы қоғам өміріне оң ықпал етіп отырғандығын атап өткен жөн. Дәстүрлі діндер арасындағы қарым-қатынастың конструктивті сұхбат жүргізу аясында дамуы қазақстандық қоғамдағы дінаралық және ұлтаралық келісімге мүмкіндік туғызады, сондай-ақ оның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің маңызды факторы болып саналады.
Түйін сөздер: Қазақстан, тәуелсіздік, заң, постсекулярлы қоғам, діни ахуал
Библиографиялық сілтемелер
Baitenova, N. and others (2009) Non-traditional religious movements and cults. - Almaty: Areket-Print. - 275.
Baitenova, N. (2010) The current religious situation in Kazakhstan.https://abai.kz/post/5906
Baitenova, N., Tuganbayev, K. (2018)Proceedings of the international scientific-practical conference "Al-Farabi in Kazakh and world philosophy, culture and civilization", dedicated to the 70th anniversary of Doctor of Philosophy, Professor Altayev Zhakypbek Altayevich. - 364.
Beisenov, B., Beisen, T. (2012) Universal human values are the core of interreligious dialogue. UDC 28 -1 + 141.3198. KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №2 (39). - 86.
Boleukhanova, А. (2020) The current religious situation. Religious extremism.https://ust.kz/word/qazirgi_dini_jagdai_dini_ekstremizm-199077.html
Burova, Е., Kosichenko, А. (2013) Topical issues of the religious situation in the Republic of Kazakhstan. - Almaty: FSDI SC SC MES RK. - 135.
Message of the Elbasy. (2006) https://www.akorda.kz/en/addresses/addresses_of_president/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-nenazarbaevtyn-kazakhstan-halkyna-zholdauy-2006-zhylgy-1-nauryz
Ismael, N. (2019) The religious situation in Kazakhstan: on the example of Almaty.https://alashainasy.kz/din_islam/kazakstandagyi-dni-ahual-almatyi-kalasyi-myisalyinda-123574/
Information and legal system of regulatory legal acts of the Republic of Kazakhstan (2017) Resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan dated June 1, 2017 № 325 "On approval of the Concept of state policy of the Republic of Kazakhstan in the field of religion for 2017-2020". https://adilet.zan.kz/eng/docs/P1700000325
Information and legal system of regulatory legal acts of the Republic of Kazakhstan (2018) Resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan dated March 15, 2018 № 124 on approval of the State Program on Counteracting Religious Extremism and Terrorism in the Republic of Kazakhstan for 2018-2022. https://adilet.zan.kz/eng/docs/P1800000124
Thomas Helm (2020) On freedom of religion in Kazakhstan. - Nur-Sultan: IndigoPrint. - 140.