Ибн Рушд философиясындағы «білім» мен «сенім» мәселесі
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2021.v27.i3.r1Кілттік сөздер:
Ибн Рушд, әл-Фараби, Ибн Сина, білім, дінАннотация
Мақалада кардовалық ұлы комментатор Ибн Рушдің білім мен сенімді ұштастыру концепциясы баяндалады. Ғалым өзінің «Екілік ақиқат» (білім мен сенім) тұжырымдамасын бірден логикалық дәлелдеуге кіріспеді, керісіше, өзінің оппонеттері тұрғысынан қарап Құран мен хадиске сүйенуді жөн көрді. Ибн Рушдің пайымынша философия (білім) адамды болмысқа қарап ой жүгіртуге, зерделеуге және білімге шақырады. Білімді адамның ақылы кемелденеді, ол болмысқа қарап Құдайды жақсырақ таниды. Сол сияқты дін де адам баласын жан-жағына қарап, ой жүгіртуге, көргенін зерттеп, зерделеуге шақырады. Демек, дін ғылымды терістемейді, мақұл көреді, тіпті қажет болса білім алуды міндет санайды. Кардовалық ойшыл егер дін расында шындықты табуға шақырса, онда дәлелге сүйенетін зерттеу ғылымы теріс шешімге алып келмесі анық. Фиолософияның жасаған тұжырымдары шариғаттың заңына қарама-қайшы келмейді. Себебі, шындық шындыққа қарсы келмейді керісінше, біріншісі екіншісіне айғақ болып жәрдем етеді деген уәжді алға тартады. Сондай-ақ, авторлар мақалада дін мен философияның арасындағы қатынас қандай болуы керек? деген сұраққа жауап іздеген әл-Фараби, Ибн Сина сияқты ортағасыр мұсылман ойшылдарының да тұжырымдарын компаративистикалық негізде беруді көздеген.
Түйін сөздер: Ибн Рушд, әл-Фараби, Ибн Сина, білім, дін
Библиографиялық сілтемелер
Әл-Фараби (1995б) Тахсиль әс-сағада. – Бейрут-Любнан: Дар-уа-мактабатуль-хиляль. – 125.
Әл-Фараби (1996) Ихса-у Улум. – Бейрут-Любнан: Дар-уа-мактабатуль-хиляль. – 112.
Зия Улкен (1967) Ислам Фелсефесі. – Анкара: Хикмет, Т. II. – 322.
Ибн Рушд (1961) Опровержение опровержения. Избранные произведения мыслителей стран Ближнего и Среднего Востока. М.: Наука. – 278.
Ибн Рушд (1986) Китаб фаслу әл-мақәл фи тақрир ма баина аш-шариғати уәл-хикма мин әл-иттисәл. – Каир: Әл-Китаб. – 271.
Мортаза Мотахарри (2004) Философия и Калам. – Алматы: Ғылым. – 378.
Мұхаммад әл-Бухари (1998) Сахих әл-Бухари. Т.ІІІ. – Кайр: Ан-Нур. – 465.
Сагадеев А.В. (1973) Ибн Рушд. – М.: Мысль. – 275.
Сандыбаев Ж.С. (2011) Ортағасыр Шығыс философиясындағы басқару мәдениетінің адамгершілік негіздері. Монография. – Астана: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы. – 102.
Торжество разума (1988) Mатериалы научной сессии, посвященной 1000 летие со дня рождение Ибн Сины. – Душанбе: Мысль. – 365.
Халифа Алтай /ауд. (1991) Құран Кәрим (қазақша мағынасы және түсінігі). – Сауд Арабиясы: Мадина Мунуара. – 517.
References
Al-Farabi (1995) Kitab tahsil as-saada [The Attainment of Happiness]. – Beyrut-Lubnan: Dar-ua-maktabatul-hilal. – 105. (In Arabic)
Al-Farabi (1995) As-siyasa al-madaniya [Civil Policy]. – Beyrut-Lubnan: Dar-ua-maktabatul-hilal. – 127. (in Arabic)
Al-Farabi (1996) İhsau al-Uluum [Classification of Science]. – Beyrut-Lubnan: Dar-ua-maktabatul-hilal. – 112. (In Arabic)
Halifa Altay /tr. (1991) Quran Karim (qazaksha maginasi zhane tusinigi) [Qur`an Karim (Kazakh meaning and description)]. – Saud Arabiya: Madina Munauuara. – 517. (In Arabic and Kazakh)
Ibn Rushd (1961) Oproverjenye oproverjenya. Izbrannye proizvedenya misliteley stran Blijnego i Srednego Vostoka [Refutation of refutation. Selected works of thinkers from the countries of the Near and Middle East]. – М.: Nauka. – 278. (In Russian)
Ibn Rushd (1986) Kitab faslu al-maqal fi taqrir ma bayna ash-sharigati ual-xikma min al-ittisal [Шариғат пен білімге қатысты шешім шығаратын сөз]. – Kairo. Al-Kitab. – 271. (In Arabic)
Mortoza Motaharri (2004) Filosofya i Kalam [Philosophy and Kalam]. – Almaty: Gylym. – 378. (In Russian)
Muhammad al-Buhari (1998) Sahih al-Buhari [Sahih al-Bukhari]. Т.ІІІ. – Kairo. An-Nur. –465. (In Arabic)
Sagadeev А.V. (1973) Ibn Rushd [Ibn Rushd]. – M.: Mysl`. – 275. (In Russian)
Sandybayev Zh. (2001) Ortagasyr shygys fılosofiyasındagi basqaru madeniyetinin adamgershilik negizderi: Monografiya [Moral foundations of management culture in medieval Eastern philosophy. Monograph]. – Astana: QR Prezidentinin janindagi memlekettik basqaru akademiyasy. – 102. (In Kazakh)
Torjestvo Razuma [On Intellect] (1988) Materyaly nauchnoy sessii posvyashonn 1000 letyu so dnya rojdenya Ibn Siny [Materials of the scientific session dedicated to the 1000th anniversary of the birth of Ibn Sina]. – Dushanbe: Misl. – 365. (In Russian)
Zya Ulken (1967) Islam Felsefesi. [The Philosophy of Islam] – Ankara: Hikmet, Т. II. – 322. (In Turkish)