Шиһабуддин әл-Алуси және оның «Рух әл-Мағани» атты еңбегіндегі сопылық аспектілер
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2022.v31.i3.r1Кілттік сөздер:
әл-Алуси, мүфти, жазушы, сопылық, исламАннотация
Мақалада Шиһабуддин әл-Алусидің өмірі мен ғылым жолына, шығармашылығы жайлы сөз қозғалады. Атап айтар болсақ, Шиһабуддин әл-Алусидің өмірі, ғылым жолы, ұстаздары мен шәкірттері, отбасы, жазған еңбектері, баяндалады. Бұлардан бөлек Шиһабуддин әл-Алусидің өмір сүрген елдегі діни-саяси және әлеуметтік жағдай да қарастырылады. Сонымен қатар аталған мақаланың негізгі бөлімінде Шиһабуддин әл-Алусидің әртүрлі мазһабтардағы ихтиләфи мәселелермен таныс мужтаһид ғалымы екенін сондай-ақ шафиғи мазһабын устанушысы екенін, алайда көп жағдайда Әбу Ханифаның жолымен жүргенін көре аламыз. Ғұмырының соңына қарай ижтихадқа бет бұрған, бала кезінен-ақ Алланың сырлы кітабының құпиясын зерттеуге қызығушылығы ерекше болғанын, он үш жасынан білімге ерекше құштар өте зеректілігін көреміз. Ол бес жасынан құран және арабша кітаптардың кейбір тарауларын жаттап атақты ғұламалардан тәлім алып, өз кезегінде муфтилік қызметіне дейін көтеріліп сол салада ерекше қызметтер атқарғаны зерттеледі. Сондай-ақ жазылуына 15 жыл уақыт алған 30 томнан тұратын «Рух әл-Мағани» тәпсірі жайлы сөз қозғалмақ. Бұл құнды еңбегі 30 томнан тұрады. Шиһабуддин әл-Алуси «Рух әл-Мағани» тәпсірін отыз төрт жасында жаза бастағаны. Сондай-ақ оның өз қызметінен босатылғаннан кейін аталмыш кітапты толық жазуға кіріскенін, дегенмен сол уақытқа дейін кітаптың біршама томы жарық көргендігі айтылады. Шиһабуддин әл-Алуси өзінен бұрынғы тәпсіршілердің түсіндірмелерін келтіргенде жай ғана жеткізуші емес, оған қоса әділ қазы, сыншы, зерттеуші көзімен қарай отырып жеткізген. Ол аяттарды түсу себептеріне сәйкес ұғыну үшін уахи себептерін айта отырып, аяттар мен сүрелер арасындағы оқиғаларды атап өтуге ерекше мән берген.
Түйін сөздер: әл-Алус, мүфти, жазушы, сопылық, ислам.
Библиографиялық сілтемелер
Al-Alusi, Abdulhamid Mahmud (1968) Mufessiren [Interpreter]. — Bagdad. – 41-85. (in Arabiс)
Al-Alusi, Mahmud Shukri (1929) al-Misk al-Аdfar [al-Misk al-Adfar]. — Baghdad. – 3-4-8-13-15-20-23-24. (in Arabiс)
Al-Baitor, Abdurazzak (1729) Haliyatu Bashari fi tarih al-Qorni salis al-ashar [Human ornament in the history of the thirteenth century]. Vol. 2. – 125. (in Arabiс)
Al-Kitani, Abdul Hay ibn Abdulkarim (1982) Mugjam al-Magajim al-Mumalhat ua Maslasalat [Thesaurus Dictionaries Timers and Serials] Dar al-Garb al-Islam. Vol. 1. – 140-267. (in Arabiс)
Al-Musawi, Muhsin J. (2010) Khaldi, Buteina. – Beirut: al-Markaz al-Saqafi al-Arabi. – 344. (in Arabiс)
Al-Yasugi, Luis Sheicho (1991) Tarih Adab al-Arabi [History of Arabic Literature] Qorn-19. Vol. 1/3. – Beirut: Dar al-Nashr. – 48-52-54-90/91. (in Arabiс)
Basheer Muhammad Nafi, Abu As-Sana al-Alusi (2002) An Alim, Ottoman Mufti, and Exegete of the Qur`an // International Journal of Middle East Studies. – Cambridge: Cambridge University Press. – 465-494. (in Arabiс)
Chukov B.V. (1989) Alusi Mahmoud Shihab Ad-Din [History of world literature]. Vol. 9. – Bagdad. - 695-697. (in Arabiс)
Chukov B.V. (1997) Keeping up with the century: A history of Arabic literature in Iraq. – M. – 75-84. (in Russian)
Chukov B.V. (2018) Iraqi literature of the first half of the XIX century. https://web.archive.org/web/20181118122756/http://feb-web.ru/feb/ivl/vl6/vl6-6952.htm
Eroglu Muhammed Alusi, Sehabeddin Mahmud (1989) Islam Ansiklopedisi [Encyclopedia of Islam] — Istanbul. – 551. (in Turkish)
Gharaib, Rihla ibn Batuta (1853) Tuhfat al-nazar fi Gharayib al-Amsar ua ajayib al-Asfar [The masterpiece of the beholder in the strangeness of the lands and the wonders of travel]. – New Cairo. – 25. (in Arabiс)
Hairaddin al-Zarkali (2019) Kitabu al-Alam [Flags Book] Vol. 1-3-7. – Istanbul. – 198. (in Arabiс)
Khalil, Mardam Beg (1971) Ayan al-qarn al-thalith ashar [Ian thirteenth century] — Beirut. – 49. (in Arabiс)
Muhammad Husein al-Zahbi (2000) Tafsir al-Mufassirin [Interpretation al-Mufassirin] Maktabu Uahbi. V 1. – Cairo. – 251. (in Arabiс)
Ruh al-Magani (1270) Tafsir al-Alusi [Interpretation al-Alusi]. – Damascus. V 1. 314. V 8. 12-46. V 11. 80. V 17. 3. (in Arabiс)
Umar, Rida Kahala (1993) al-Mugjam al-Muallifin [Dictionary Authors]. V 12. — Beirut: Dar al-Tali’a. – 175. (in Arabiс)