Мирча Элиаде және дәстүршілдік идеологиясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v37.i1.r7
        132 0

Аннотация

Мақалада дінтану саласының іргетасын қалаушылардың бірі, румын, француз және американдық дінтанушы – Мирча Элиаде (1907-1986 жж.), оның дәстүршілдік идеясы және негізгі еңбектері қарастырылады. Сондай ақ ғалымның еңбектерінің арасында ерекше назарымызға ие болған «Шаманизм: экстаздың архаикалық әдістері» (1951ж) атты классикалық еңбегі талданды. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары дінтанулық зерттеулер, қазіргі жаһандану заманындағы діндердің назарынан тыс қалып бара жатқан дәстүршілдік идеясының талдануы. Элиаденің еңбектеріне сүйене отырып технологиялық даму заманындағы материалистік пен рационалистік ұстанымдар, рәсімділік пен дәстүршілдік феномендерінің өзіндік маңызын айшықтау. Европада дамыған дәстүршілік сынды мәдени қозғалыстың сипатын айшықтау, қоғамның өзекті мәселелеріне салыстырмалы талдау жүргізу. Ғылыми мәтіндердің жазылу кезеңдерін, ортасын ескере отырып, ғылыми тұжырымдарды талдау. Мақалада сондай-ақ гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғалымдар Элиаденың аталған кітабына қалай жауап бергені,  Элиаденың шаманизм туралы көзқарасы 1960 және 1970 жылдардағы Батыстағы көптеген рухани ізденушілерді қалай шабыттандырғаны, кейіннен постмодернизм басталғанда оның, адамзаттың әмбебап «алғашқы» сенімі немесе діні ретінде болған шаманизмге көзқарасы қатты сынға ұшырағандығы талданады. Зерттеудің негізгі нәтижесі отандық дінтану саласындағы Элиаделік ізденістердің әлі де болса қолға алынбағандығын ескере отырып, дінтанудың негізгі классикалық қайнаркөздерін таныту. Мақалада жүргізілген зерттеудің құндылығы Элиаденің заманауи діндердегі дәстүршілдік идеологиясын бүгінгі күннің мәселелерін шешуге ұмтылысында.

Түйін сөздер: Мирча Элиаде, дәстүршілдік, шаманизм, архаика,  этнология.

Авторлардың биографисы

Т. Барақбаева, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы қ., Қазақстан

Барақбаева Төлен Аманғалиқызы – философия ғылымының магистрі, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану кафедрасының аға оқутушысы (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: tolenbarakbaeva@gmail.com).

A. Дүйсенбаева, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы қ., Қазақстан

Дүйсенбаева Альбина Құрақбайқызы (корреспондент автор) – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениті университеті Дінтану кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: albina87.03@yandex.kz).

Қ. Затов, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы қ., Қазақстан

Затов Қайрат Айтбекұлы – философия ғылымының докторы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениті университеті Дінтану кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: kairat_1966@list.ru).

Қосымша файлдар

Как цитировать

Барақбаева, Т., Дүйсенбаева A., & Затов, Қ. (2024). Мирча Элиаде және дәстүршілдік идеологиясы. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 37(1), 65–72. https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v37.i1.r7