Қазақстан Республикасындағы ислам білімін жетілдірудің қазіргі жағдайы мен жолдары
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v40.i4.a5Аннотация
Бұл мақалада Қазақстандағы исламтанулық білім беру жүйесінің э терең талдау жасалып, мемлекеттік білім беру стандарттарымен біріктіруге назар аударылды. Зерттеу оқу бағдарламаларына заманауи білім беру тәсілдерін енгізуге және оқу процесінде ханафи мәзһабының дәстүрлерін сақтауға бағытталады. Мақсат – дәстүрлі ислам білімдерін заманауи академиялық талаптарға бейімдеу процестерін зерделеу және модульдік және кредиттік-модульдік жүйені енгізудің дін мамандарын даярлауға әсерін бағалау. Зерттеу әдістемесі аясында исламдық білім беру жүйесі бойынша нормативтік-құқықтық актілерге, статистикалық мәліметтерге және Исламтану мамандарын дайындайтын мекемелердің бағдарламалары мен әдістемелік тәсілдеріне салыстырмалы жан-жақты талдау жүргізілді. Зерттеу барысында 2009 жылдан 2023 жылға дейін жетекші ғылыми дерекқорлардағы (Google Scholar, Scopus және Springer Link) жарияланымдарды қамтитын PRISMA әдістемесін пайдалана отырып, әдебиеттерге талдамалы жүйелі шолу жасалды. Сәйкестендіру, скрининг, талдау кезеңдерінен кейін исламдық білім беру жүйесін заманауи академиялық талаптарға бейімдеу процестерін зерделеудің ең өзекті 51 басылымы таңдалды. Бұл зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы оның діни құндылықтар мен дәстүрлерді сақтай отырып, қазіргі заманғы академиялық стандарттарға сәйкес келетін білім беру тәсілдерін дамытуға қосқан үлесімен түсіндірілді. Қорыта айтқанда, зайырлы білім беру ортасына тиімді ықпалдасу Қазақстанда білікті Исламтану мамандарын даярлауды жақсартатынын көрсетеді. Сондай-ақ исламдық білім беру мекемелерінің желісін кеңейту үшін білім беру бағдарламаларын одан әрі бейімдеу қажеттілігін және дін саласындағы мамандарды даярлауға және олардың білім беру тәжірибесін, білім алушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бейімдеу қабілетіне бағытталған зерттеулерді жалғастырудың маңыздылығын айқындайды. Бұл өз кезегінде Қазақстанның әлеуметтік тұрақтылығы мен мәдени дамуына елеулі үлес қосады.
Түйін сөздер: Ислам білімі, медресе колледждері, білім стандарттары, исламтану, діни және зайырлы құндылықтар.