Қазақтың әдет-ғұрып заңдарындағы неке келісім-шарты және діни нормалардың көрініс табуы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v40.i4.a1
        63 0

Аннотация

Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып заңдарындағы отбасы мен неке құру мәселелері, сондай-ақ, діни нормалардың әсер ету факаторы зерттеледі. Некенің мәні мен мақсатын әдет-ғұрып заңдары және мұсылмандық құқық тұрғысынан қарастырады. Неке қиюдың қазақ арасындағы ерекшелігі мен салт-жоралары, шариғат заңдарымен салыстыра отырып әсер ету деңгейі көрсетіледі. Неке келісімінің құрылу шарттары, жарамдылық шарттары, күшіне ену және заңдық салдары болу шарттары және қосымша шарттардың құқықтық қырлары талданады. Неке келісім-шартындағы ата-ана мен өкілетті тұлғалардың рөліне салыстырмалы талдау жасалады. Қазіргі қоғамдық, тіптен тұтас адамзаттық деңгейдегі аса өзекті мәселелердің бірі осы неке және отбасын құру мәселесі болып отыр. Осы институттың тұрақты әрі өз қызметін толық атқаруы тараптардың неке келісім-шартының мәні мен маңыздылығын, салмағы мен жауапкершілігін сезінуімен тікелей байланысты. Отбасы институтының тұрақтылығы қоғамның, мемлекеттің тұрақтылығы мен ұрпақ болашағы екені анық. Мүліктік және мүліктік емес өзара құқылар, заңдық нормалармен реттеле бермейтін өзра құрмет пен адамгершілікке көбірек сүйенетін бұл институттың қызметін жандандыру мәселесі дамыған елдер үшін де, дамушы елдер үшін де ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Осыған орай, дәстүрлі қазақ қоғамындағы және діни нормалардағы өз белсенділігі мен құнын жоймайтын ұстанымдары бүгінгі отбасы мәселелері мен заңдық нормалардың сақталуына көмекші рөл атқарады деп есептейміз.

Түйін сөздер: дәстүр, әдет-ғұрып, шариғат, отбасы, неке.

Авторлардың биографисы

Т. Хамит, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Табарак Хамит - Нұр-Мұбарак Египет ислам мәдениеті университеті Ислам ілімдері факультеті Дінтану кафедрасының докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: tabarhamit@gmail.com)

Ш. Керім, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Шамшадин Керім – филол. ғ. д., Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Ислам ілімдері факультеті Дінтану кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан, e-mail: kerim-1962@mail.ru)

Т. Имаммәди, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Түсіпхан Имаммади (корреспондент автор) – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Ислам ілімдері факультеті Дінтану кафедрасының доценті м.а. (Алматы, Қазақстан, e-mail: m.yusufhan@gmail.com)

Қосымша файлдар

Как цитировать

Хамит, Т., Керім, Ш., & Имаммәди, Т. (2024). Қазақтың әдет-ғұрып заңдарындағы неке келісім-шарты және діни нормалардың көрініс табуы. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 40(4). https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v40.i4.a1