Евангелшіл христиан-баптистері және оның пайда болу алғышарттары
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v40.i4.a9Аннотация
Мақалада евангелші христиан-баптистер қозғалысының қалыптасу алғышарттары, тарихи және теологиялық негіздері жан-жақты қарастырылды. Бұл бағыттың пайда болуына әсер еткен әлеуметтік, философиялық және діни теологиялық факторлар талданады. Атап айтсақ, баптизмнің негізін қалаушы Джон Смиттің көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен реформаторлар, анабаптистер, пуритандар және конгрегацияшылар сияқты діни топтардың философиялық және әлеуметтік идеялары зерттеледі. Сонымен қатар Джон Смиттің діндар адамдардың этикасы мен тұлғалық қасиетіне қатысты ұстанымдарына және шоқындыру рәсімінің маңыздылығына талдау жасалады. Реформация кезеңінен кейінгі Қайта өрлеу дәуіріндегі Еуропадағы протестанттық діни мектептердің қалыптасуы, олардың гуманистік идеялары мен теологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Англиядағы Баптизмнің таралуы кезеңіндегі саяси өзгерістер мен «Сенім декларациясы» сияқты негізгі құжаттардың маңызы сипатталады. АҚШ-тағы баптистік қозғалыстың табысты миссионерлік қызметі мен «Филадельфия ассоциациясы» заңдарының рөлі талданады. Баптистер санының эволюциялық өсу себептері зерттеледі. Қазақстанға дейінгі евангелші христиан-баптистердің миссионерлік қызметі, деноминациялары және бағыттарға бөлінуі қарастырылып, олардың жергілікті ерекшеліктері, діни мәтіндермен байланысы салыстырмалы түрде талданады. Зерттеу нәтижесінде баптизмнің тарихи, әлеуметтік және діни негіздері жүйелі түрде сипатталып, оның жаһандық және аймақтық деңгейдегі даму ерекшелігі ашылады. Бұл мақалада сонымен қатар Қазақстандағы баптистердің ахуалы және мемлекеттік билікке деген ұстанымдары зерделенеді. Евангелші христиан-баптистер бағытының қағидаттарын анықтау бойынша ұсынымдарын – зерттеудің құндылығы мен практикалық маңыздылығын құрайды.
Түйін сөздер: христиандар, протестанттық, евангелия, баптисттер, миссионерлік.