Зайырлылық пен діни символизмнің арасындағы қарсыластық жағдайында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v38.i2.r5Аннотация
Бұл мақалада Қазақстандағы діни радикалдану қаупі контекстінде зайырлылық моделі мен діни символизмнің арақатынасы мәселесі қарастырылады. Бұл тақырып әсіресе қазіргі уақытта Еуразия аймағындағы геосаяси турбуленттілік жағдайында өзекті болып отыр. Мәселенің күрделі сипатына байланысты үш негізгі құрамдас бөліктер ажыратылады: 1) Қазақстанда қолданылатын француздық зайырлылық үлгісінің ерекшеліктерін қарастыру; 2) Қазақстанға сыртқы деструктивті діни ықпалды талдау; 3) Қазақстандағы болжамды діни және идеологиялық тәуекелдер. Осы үш құраушыны қоса келе, зайырлы қағидаттар мен діни символизм арасындағы «шиеленіс дәрежесін» жеңілдету үшін қабылданатын қажетті шаралар туралы жалпы қорытынды жасалады, бұл болса Қазақстан аумағында экстремизм көріністерінің, соның нәтижесі ретінде террористік әрекеттердің пайда болу қауіптерін азайтуға және/немесе бейтараптандыруға мүмкіндік беретін. Қазақстанда деструктивті деп аталатын діни ағымдарға/ұйымдарға (қысқартылғанда – ДДА/ДДҰ) қарсы шаралар қабылдануда. Алайда бұл ұғымның заңдық анықтамасы жоқ. Қоғамдық дискурста ДДА/ДДҰ «дәстүрлі діндерге» қарсы қойылады, соңғының анықтамасы да отандық заңнамада жоқ. Заңды түрде Қазақстан аумағында тыйым салынған (экстремистік, террористік) ұйымдардың тізімі мен тіркелген діни бірлестіктердің тізімі ғана бар. Қалай болғанда да, болмыстар мемлекет пен қоғамға деструктивті діни ықпалға қарсы тұру қажеттілігін талап етеді. Деструктивті іс-әрекет деструктивті идеологиядан туындайтынын айта кету керек. Жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы діни ахуалға төніп тұрған идеологиялық тәуекелдерді анықтау, сондай-ақ діни және идеологиялық қатерлерді жою үшін алдын алу шараларын қолдану. Мақалада діни экстремизм мен терроризмнің идеологиялық алдын алу саласындағы мемлекет үшін орын алып отырған қауіптер сипатталып, теориялық және практикалық пайдасы бар тиісті ұсыныстар берілген.
Түйін сөз: экстремизм, терроризм, лаицизм, дін, секьюритизация.