Имам Матуридидің «Китабут таухид» еңбегінде ілім және хикметтің маңызы

Авторлар

  • М. Төлегенов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-8325-3278
  • Ж. Нұрматов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5083-0748
  • Т. Әбдірасылов Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Түркістан қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-2892-9028

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v37.i1.r8
        156 0

Аннотация

Әбу Мансұр әл-Матуридидің өмір сүрген кезеңі Аббаси халифалығының әлсіреген Мәураннахрдағы Самани билігі кезеңіне, әртүрлі діни сенім, түрлі идеологиялар мен ағымдардың пайда болған уақытқа сәйкес келеді. Бұл кезең ислам дінінің негіздеріне іштен және сырттан шабуылдар күшейген қиын заман болатын. Әбу Мансур әл Матуриди осындай заманда еңбек жазып, ислам сеніміне қарсы шыққан діни ағымдар мен әртүрлі идеологиялық, философиялық пікірлерді зерттеп, оларға қарсы жауаптар беріп отырды. Ислам дінінің негізгі діни сенімдерін дұрыс түсіндіру арқылы, дұрыс сенімнің қалыптасуына өз үлесін қосты. Әбу Мансұр әл-Матуриди еңбектері Қазақстанда соңғы кезде кеңінен зерттеліп отыр. Әсіресе оның еңбектеріндегі ақидаға қатысты тұжырымдар қоғамдағы қалыптасқан діни проблемалардың шешімін табу үшін өте маңызды сипатқа ие. Матуридидің «Таухид кітабында» ислам дінінің нәзік мәселелері өте ұтымды түрде зерделеніп, оның адам өміріндегі қажеттілігі айқындалған. Әсіресе ілім мен хикмет түсінігі адамның ақылын қолдануға, Алланың жаратылысты жаратудағы сырын, мақсатын түйсінуге, сол арқылы шынайы білімге қол жеткізуге ықпалын тигізеді. Дегенмен бұл тақырып әліге дейін жеткілікті зерттеле қоймаған. Біз мақаламызда Матуриди ақидасының негізін құрайтын ұғымдардың ішінен орын алатын ілім және хикмет ұғымының «Таухид кітабындағы» сипаттамаларын қарастырамыз. Оның маңызын, мәнін, адамның рухани өміріне пайдасын зерделейтін боламыз.

Түйін сөздер: Матуриди, ілім, хикмет, әділет, жаратылыс, Алланың сипаттары

Авторлардың биографисы

М. Төлегенов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан

Төлегенов Мұхит Жылқайдарұлы – PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ., Қазақстан, e-mail: mukhit.tolegenov@ayu.edu.kz).

Ж. Нұрматов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан

Нұрматов Жахангир Ешбайұлы (корреспондент автор) – PhD, ассист. қауымдастырылған профессор, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан, Қазақстан, e-mail: zhakhangir.nurmatov@ayu.edu.kz).

Т. Әбдірасылов, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Түркістан қ., Қазақстан

Әбдірасылов Тұрғанбай Құрманбайұлы – PhD, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің қауымдастырылған профессоры (Түркістан, Қазақстан, e-mail: turganbay33@mail.ru).

Қосымша файлдар

Как цитировать

Төлегенов, М., Нұрматов Z., & Әбдірасылов T. (2024). Имам Матуридидің «Китабут таухид» еңбегінде ілім және хикметтің маңызы. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 37(1), 73–82. https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v37.i1.r8