Киелі орындарды зиярат етуші ерлер мен әйелдер арасындағы психо-әлеуметтік ерекшеліктер (Оңтүстік Қазақстандағы киелі орындар мысалында)

Авторлар

  • Р. Қазмуқанов Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-2656-6670
  • Т. Абылов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-7152-1802
  • Ж. Бұлан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-4595-1830
  • Ғ. Көрпебаева Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0000-8406-7103

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS20254119
        25 0

Аннотация

Бұл мақалада киелі орындарды зиярат етуші ерлер мен әйелдер арасындағы психо-әлеуметтік ерекшеліктер Оңтүстік Қазақстандағы киелі орындар мысалында қарастырылады. Зерттеуде киелі саналатын орындарға барудың астарындағы наным-сенімдік әрі психологиялық факторлар мен ерекшеліктерді анықтау мақсат етілді. Ғылыми зерттеудің басты бағыттары – дінтанулық және психо-әлеуметтік зерттеулер. Ал зерттеудің негізгі мақсаты, киелі жерлер мен кесенелерді зиярат жасаушы адамдардың психо-әлеуметтік ерекшеліктерін ғылыми негізде жан-жақты талдау, оның қоғамдағы орнын айшықтау. Сол себепті мақалада зиярат жасаушылардың әлеуметтік ерекшеліктері, киелі жерлерге бару жиілігі, мақсаттары, алғышарттар, әсер еткен факторлар зерттеледі. Сондай-ақ киелі жерлерге баратын адамдардың гендерлік ерекшеліктеріне мән беріліп, ерлер мен әйелдердің қайсысы киелі жерлерге жиі баратындығы, қандай мақсаттарда баратындығы, қандай жағдайда баратындығы қарастырылады. Зерттеу Оңтүстік Қазақстандағы адамдар ең көп баратын 17 киелі орында жүргізілген. Зерттеу барысында сауалнама, бақылау, сұхбат секілді ғылыми әдістер қолданылды. Алынған мәліметтерге SPSS 21.0 (Statical Package for Social Sciences) бағдарламасы арқылы статистикалық талдау жасалынды. Зерттеудің нәтижесінде киелі орындарды зиярат етуші ерлер мен әйелдердің психо-әлеуметтік ерекшеліктері белгілі болды. Зерттеуде зияратшы әйелдердің ерлерге қарағанда киелі жерлерге жиірек әрі қиындыққа душар болған кезде баратындығы, дәстүрлі діни рәсімдерде кемшін қалған діни қажеттіліктерін қанағаттандыратындығы және киелі орындарда жасалған дұға-тілектердің де келушілердің жыныстық ерекшеліктеріне байланысты түрленетіндігі анықталған. Тақырыптың отандық дінтану саласында психо-әлеуметтік тұрғыдан әлі де аз зерттелуі жұмыстың құндылығын көрсетеді.

Түйін сөздер: дін, кесене, зиярат, ер, әйел.

Авторлардың биографиясы

Р. Қазмуқанов, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Қазмұқанов Ринат Мұхитұлы – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті дінтану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: rinatmk81@gmail.com).

Т. Абылов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Абылов Тұңғыш Талғатұлы (корреспондент-автор) – PhD, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: abylovtt@gmail.com).

Ж. Бұлан, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Бұлан Жоламан – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті дінтану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: jolamanbulan@gmail.com).

Ғ. Көрпебаева, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы, Қазақстан

Көрпебаева Ғазиза Қабылқызы - PhD, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: gaziza-k@mail.ru).

Как цитировать

Қазмуқанов, Р., Абылов, Т., Бұлан, Ж., & Көрпебаева, Ғ. (2025). Киелі орындарды зиярат етуші ерлер мен әйелдер арасындағы психо-әлеуметтік ерекшеліктер (Оңтүстік Қазақстандағы киелі орындар мысалында). ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 41(1). https://doi.org/10.26577//EJRS20254119