Қазіргі Қазақстандағы түрік діни қауымдастықтары: көшбасшылар, қызмет бағыттары
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v37.i1.r5Аннотация
Әлемдік ауқымдағы сопылық бай тарихқа ие және әртүрлі мәдениеттер мен діни дәстүрлерге өз ықпалын тигізді. Қазақстан кеңістігі мәнмәтінінде сопылық мирасқа қатысты агиографиялар, қолжазбалар, сәулет ескерткіштері, сопылардың ұрпақтары һәм сопылық топтар жайында сөз қозғауымызға болады. Тамыры исламнан бастау алған сопылық ілімнің қазіргі таңдағы бітім-болмысы діни шекаралар мен діни қағидаттар аясынан шығып кетеді, бұл оны қазіргі өмірдің түрлі аспектілеріндегі, соның ішінде ғылым мен жеке адамның тәжірибесіндегі өзектілігін арттырып отыр. Қазіргі заманғы сопылыққа саналауан сопылық дәстүрлерді бойына сіңірген «универсал шындық» сипаттамалары тән екенін бағамдауға болады. Постмодерн теорияларында байыпталғанындай, дәстүрлі діни ілімдер, соның ішінде сопылықта қазіргі реалийге трансформацияланып, икемделуін жалғастыра беретіндігі анық. Мұндай үрдістердің легитимдігі ғылыми да, қарапайым да пікірталастардың арқауына айналғанына мысалдар да жетіп артылады. Түйіндей келгенде, сопылықтың жүздеген жылдық тарихы мен бүгінгі таңдағы кемімеген тартымдылығы да тақырыптың өзектілігін айғақтау арнасындағы дәлелдерді үстей түседі. Кейінгі жылдары түрік діни топтары гуманитарлық көмектен бастап білім беру бастамалары мен діни қызметке дейінгі түрлі іс-шараларға қатысып, әлемдік аренада белсенді бола бастады. Көбінесе түрлі исламдық қозғалыстар мен ұйымдармен байланысты бұл топтар ислам төңірегінде дискурсты қалыптастыруда және Түркияның халықаралық қауымдастықтағы рөлінде маңызды рөл атқарып келеді.
Түйін сөздер: сопылық, сопылық жамағат, түрік діни топтары, сопылық дәстүр, сопылық белсенділік