Діни мотивтенген кибертерроризмнің заманауи аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v39.c3.r4Аннотация
Мақала қазіргі таңда да өзекті болып отырған кибертерроризм мәселесін зерттеуге арналады. Автор террорлық ұйымдардың «ұйқыдағы ұяшықтарды» және «жалғыз қасқырларды» құрып, оларды кез-келген уақытта өз мүдделер үшін пайдалану ықтималдылығы бар екендігін атап өтеді. Мақалада діни бағыттағы террорлық ұйымдардың мақсаттары, үгіт-насихат тәсілдері, оларға тойтарыс беру және контрпропаганда шаралары келтіріледі. Автор олардың мақсаттары мен үгін-насихат тактикасы арасындағы өзара байланыстарын, пропагандистер пайдаланатын ақпараттық және психологиялық ықпал ету әдістерін қарастырады. Мақаланың мақсаты террорлық ұйымдар пропагандистерінің өз қатарларына жаңа мүшелерді тартуға бағытталған ақпараттық стратегияларына, сонымен қатар әлем елдерінің олардың пропагандасына тойтарыс беру үшін пайдаланатын құқықтық, техникалық және контрагитациялық іс-шараларына сапалық талдау жасау. Тойтарыс беру шараларын тізбектей отырып, автор олардың әрқайсының тиімділігін талдайды. Құқық қорғаушылардың сынына қарамастан техникалық тұрғыдан қазіргі уақытта ең тиімді тәсіл болып саналатын Қытайдың мысалы келтіріледі. Контрагитация стратегиясы аясында террорлық ұйымдардың діни идеологиясын жоққа шығару мақсатында діни қызметкерлерді тарту тәжірибесі қарастырылады. Мақаланың қорытындысында ИГИЛ жеңілгеніне қарамастан террорлық ұйымдардың пропагандасына тойтарыс беру мәселесі қазіргі кезде де өзектілігін жоғалтпағанын айтылады. Мақаланың маңызды тұсы кибертерроризм мәселесі Қазақстан контекстінде қарастырылады.
Түйін сөздер: кибертерроризм, кибер джихад, контрпропаганда, Интернет, террорлық ұйымдардың үгіт-насихаты.