Қазіргі Пәкістандағы этникалық және діни азшылықтардың дискурсы
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v38.i2.r8Аннотация
Бұл зерттеу қазіргі Пәкістан мемлекетінің діни азшылықтарға қатысты саясатын анықтаудың кейбір критерийлерін зерттейді. Зерттеу діни азшылықтар мен этникалық топтарды динамикалық, процессуалдық, реляциялық, контекстік, ситуациялық ретінде қабылдау ерекшеліктерін көрсетті. Халық санағы мен олардың көрсеткіштерін талдау нәтижесінде Пәкістанның діни азшылықтарға қатысты заңнамалық базасы, олардың географиялық орналасуы қаралды. Діни азшылықтардың санына қатысты алаңдаушылық тудырған 2017 жылғы халық санағына үлкен мән берілді. Мақалада саны, шығу тегі, заңдылығы және әлеуметтік мәртебесі бойынша діни азшылықтар арасындағы және олардың ішіндегі бірнеше маңызды айырмашылықтар көрсетілген. Бұл мақала Пәкістанның Исламабад, Лахор және Пешавар қалаларындағы далалық зерттеулердің, нақты айтқанда Пешавар университетінің Пәкістанды зерттеу орталығының профессорларымен фокус-топтық сұхбат және Пенджаби Ходж Гарх зерттеу орталығының директоры Икбал Кайсермен жүргізілген жартылай құрылымдық сұхбат нәтижелеріне негізделген. Сондықтан бұл зерттеудің мақсаты Пәкістанның діни азшылықтар мен этникалық топтарға қатысты саясатын құқықтық база контекстінде ашу болып табылады. Пәкістан әкімшілігінің заңнамалық базасы мен ашық саясатын зерттеу, сондай-ақ діни азшылықтардың жағдайын талдау осы зерттеудің негізгі мақсатына айналды. Тарихнамалық талдау мен салыстырмалы тарихи дискурс әдісіне сүйене отырып, ұлттық мемлекет, демократия және халықаралық саясат концепциялары аясында діни азшылықтар категориясы мен проблемасының пайда болуына баға берілді.
Түйін сөз: Пәкістан, діни азшылықтар, этникалық топтар, заңнамалық база, халық санағы.