Деобанд мектебінің сенім жүйесі және сәләфизмге қатысты ұстанымы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v38.i2.r7
        132 0

Аннотация

Түбі Үндістанға барып тірелетін Деобандия мектебі соңғы уақытта өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр. Себебі елімізде Деобандия бағытын дұрыс санайтын және ұстанатын топтар пайда болды. Бұл идеологияның жайылуына негізінен Пәкістан секілді Деобандия идеологиясының ошақтарында оқып келген азаматтардың мұрындық болғаны белгілі жәйт. Пәкістан, Үндістан және Ауғанстан секілді елдердегі мұсылмандар көбіне Әбу Ханифа мазхабын, матуриди ақидасын ұстанады және діни мәселелерде консервативті болып келеді. Өз кезегінде қазақ халқы тарих бойынша дін мен дәстүрді қатар алып жүрген ел. Сондықтан табиғатынан консервативті Деобандия пайымының қазақ жерінде таралуы белгілі бір олқылықтар мен түсінбеушіліктер туғызып отыр. Бұған деобандықтардың діни көзқарастарының қазақ дүниетанымына қайшы келетіні себеп болса керек. Қайшылықтардың қайдан және не үшін туындап жатқанын анықтау үшін ғылыми зерттеулер қажет. Мәселенің өзектілігіне қарамастан елімізде осы тақырыпқа қатысты зерттеулер жоқтың қасы. Бұл жәйт осы бағыттағы ғылыми жұмыстардың маңызын арттырады деген сөз. Кез келген діни идеологияның қаңқасы сенім мәселесі болып саналатындықтан, осы мақалада Деонбандияның сенім жүйесі қолға алынып отыр. Мақаланың мақсаты Деобандия мектебінің ақидасының қандай бағытта екенін айқындау және оның сәләфизмге қаншалықты қатысы бар екенін ашу. Себебі деобандықтардың сенімде әшғарилік пен салафизмдікке жақын екені зерттеу барысында анықталып отыр. Мақалада Деобанд мектебінің сенім жүйесі, қысқаша тарихы, деобандық ғұламалардың Ибн Тәймия секілді сәләфизмнің белді өкілдеріне қатысты көзқарастары қамтылады. Сондай-ақ деобандықтардың матуриди мен әшғариліктен алған әсерлері, уахабизмге қатысты ой-пікірлері сарапталады.

Түйін сөздер: Деобанд, ислам, сәләфизм, Үндістан, иман.

Авторлардың биографисы

A. Әкімханов, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы қ., Қазақстан

Әкімханов Асқар Болатбекұлы – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің доценті

Б. Әбділхакім, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы қ., Қазақстан

Бурханадин Әбділхакім – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Ә. Жәненұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы қ., Қазақстан

Жәненұлы Әділ – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің магистранты

Қосымша файлдар

Как цитировать

Әкімханов A., Әбділхакім B., & Жәненұлы A. (2024). Деобанд мектебінің сенім жүйесі және сәләфизмге қатысты ұстанымы. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 38(2), 73–83. https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v38.i2.r7