Кеңістік пен уақыт мифологиялық және діни сананың бейнелері ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v38.i2.r9Аннотация
КСРО ыдырағаннан кейін посткеңестік дәуірдегі адамның дүниетанымдық нұсқаулары өз құндылықтарын жоғалтты. Адам өзінің идеологиялық нұсқаулары мен рухани құндылықтарын қайта қарауға мәжбүр болды. Адамның сенгені түкке тұрғысыз болып қалды. Адамның алдында тағы да жаңа идеологиялық бағдарлар мен рухани құндылықтарды орнату мәселесі тұрды. Осылайша, адам болмысында не қасиетті, не киелі, олардың қайнар көздері қайда деген сұрақтар өзекті болды. Белгілі бір уақыттан кейін олардың құнсызданбасына кепілдік қайда? Демек, миф жасау мәселелері бүгінгі күні де өзекті. Бұл мақалада авторлар өз алдына мынадай мақсат қойды – мифологиялық және діни дүниетанымдық әмбебаптардың қазіргі адамның болмысына әсерін талдау. Осыған байланысты адам өзінің дүниедегі рөлі мен орнын анықтайды. Бұл әмбебаптардың әсері адамның әлемдегі орнын анықтап қана қоймайды, сонымен бірге әлемнің көрнекі бейнесін береді, яғни оның өмір сүру уақыты мен кеңістігі. Бұл зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы посткеңестік дәуірдегі адамдардың кейбір идеалдардан соқырлықпен «босатылып», басқа жалған идеалдарға сенбеуімен байланысты. Рухани бағыт-бағдарсыз, дүниетанымсыз адам бостандық лабиринттерін кезеді. Оған мысал ретінде терроризм, діни экстремизм сияқты заманымыздың келеңсіз құбылыстарын айтуға болады.
Түйін сөз: миф, діни сана, мифологиялық уақыт, сакралды уақыт, әлеуметтік кеңістік.