Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты қабылданған Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламаларның нәтижесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v40.i4.a8
        18 0

Аннотация

Ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты қабылданған мемлекеттік бағдарламалар нәтижесі атты тақырыбындағы зерттеу жұмысында тәуелсіздік жылдары қалыптаса бастаған Қазақстанның төл зайырлылық қағидаттарына сәйкес барынша бейбіт ұстанымда негізге ала отырып, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету саясаты қарастырылған. Кезең-кезеңге негізделіп қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың алға қойған мұрат-мақсаттары теориялық тұрғыда зерделеніп, тың тұжырымдар жасалынады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда әлемдегі және еліміздегі діни экстремизм, терроризм және радикализмнің қоғамымызға, әсіресе жастарға тигізетін әсері мен зардаптары туралы, олардың алдын алу жолдары, дінтанулық сараптама жүргізу, талдамалық қорытынды беру, ұсыныстар мен реттеуге қатысты концептуальді құжаттар әзірлеп, мемлекеттік жобалар мен бағдарламалар нәтижесін ғылыми тұрғыда жан-жақты талдауды көздейді. Бұл зерттеу жұмысы еліміздің діни саладағы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүзеге асырылған мемлекеттік шаралардың тиімділігін бағалауға, экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы іс-шараларды жүйелі түрде қарастыруға бағытталған. Қазақстанның діни ахуалының тұрақтылығы, әсіресе түрлі идеологиялардың ықпалынан сақтану қажеттілігі туралы мемлекет басшылығының стратегиялық көзқарастарының іске асуы мен оған сәйкес құқықтық негіздердің қалыптасуы зерттеуде маңызды орын алады. Бұл жұмыста елімізде қабылданған түрлі бағдарламалар мен заңнамалық актілердің негізінде жүзеге асырылған мемлекеттік саясаттың нәтижелерін сараптап, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеу көзделеді. Тұтастай алғанда, зерттеу жұмысында Қазақстанның діни тұрақтылықты сақтау және экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолындағы ұлттық қауіпсіздік саясатының дамуы мен нәтижелеріне қатысты терең талдау жасалады.

Түйін сөздер: дін, экстремизм, терроризм, зайырлылық, Заң.

Автордың биографиясы

Н. Арыстанбекұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Арыстанбекұлы Нұржан – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: dmamyrbaj@mail.ru)

Қосымша файлдар

Как цитировать

Арыстанбекұлы, Н. (2024). Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты қабылданған Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламаларның нәтижесі. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 40(4). https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v40.i4.a8