Қазақстандық әйелдерді ДАИШ террористік ұйымына тарту: бірегейлік факторы
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v38.i2.r1Аннотация
Мақалада қазақстандық әйелдердің ДАИШ террористік ұйымына тартылуына ықпал еткен бірегейлік фактордың әсері қарастырылған, өйткені «Ислам мемлекетіне» кеткен азаматтардың ішінде басым бөлігі әйелдер мен балалар болған. Бірегейлік факторының рөлі тарихи және әлеуметтік контексттермен өзара әрекеттесудегі жас ерекшелік дағдарыстарына назар аударған белгілі психолог Э. Эриксонның тұлға бірегейлігінің қалыптасу тұжырымдамасы негізінде зерттеледі. Зерттеу әдісі «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында Сириядан оралған әйелдермен сұхбат түрінде болды. Э. Эриксонның теориясын қазақстандық материалға қолдану кезінде көптеген әйелдердің жас ерекшелік дағдарыстарының кезеңдерінен өту барысында қоғам мен отбасыдан алшақтауға, ұрпақтық қатынасты үзуге, этникалық және мәдени дәстүрлерден қашудың себебі болған «бірегейліктің шатасуы» және теріс бірегейліктің қалыптасуы сынды шешілмеген қақтығыстардың жинақталуы аталмыш әйелдердің ДАИШ идеологиясының алдында осалдық танытуларына жол берді. Посткеңестік идеологиялық дағдарыс жағдайында, жаңа мемлекеттік идеологияны ұзақ іздестіру мен әлеуметтену институттарын үнемі реформалау жағдайында ДАИШ жастарға нақты бағдарлары бар жеңілдетілген идеологиялық жүйені және жаңа исламдық бірегейлікті ұсынды. Бұл зерттеу жастардың, соның ішінде қыздардың діни-уәжді экстремисттік идеологияға тартылу әрекеттерін азайту үшін қоғам мен мемлекет тарапынан назар аударуды қажет ететін әлеуметтену институттарындағы проблемалық аймақтарды анықтады.
Түйін сөздер: бірегейлік, қазақстандық әйелдер, ДАИШ, идеология, посткеңестік контекст.