Қазақстанның оңтүстігіне исламның келуі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v39.c3.r9
        65 0

Аннотация

Мақалада Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өмір сүрген түркі халықтарының ескі наным-сенімдерінің ислам діні келгеннен кейінгі трансформациялануы мен жаңа діннің түркі халықтарына алып келген жаңалықтары зерттелетін болады. Атап айтқанда, VIII ғасырдан XIII ғасырға дейінгі аралықта Қазақстанның оңтүстігіне ислам дінін насихаттау әрекеттері барысына халифаттардың ұстанған саясаты мен жергілікті көшпелі халықтың оны ұзақ уақыт бойы қабылдауына септік болған мәселелер қарастырылатын болады. Шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектері негізінде берілген ақпараттарға сүйене отырып ислам дінінің Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне таратылуын – Исламментанысу: дұшпандық пен әрекеттестік кезеңі (VIII- IX ғғ.), Мұсылмандар билігінің орнауы: Исламның қалалар мен көшпенділер арасында таралуы (IX-XI ғғ.), Сопылық тариқаттарының миссионерлік әрекеттері және көшпенділердің арасында Исламның кеңінен таралуы (XI- XIII ғғ.) атты үш кезеңге бөліп қарастырылады. Зерттеу барысында отырықшы халық пен көшпенді халықтың дінді қабылдауындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері зерделеніп жаңа дінмен келген жетістіктер зерделенетін болады. Ислам мәдениетімен келген құндылықтардың ішіндегі әулие феноменінің өткені мен бүгінгі күнгі жағдайы сараланып, әулие ұғымының Құран Кәрімдегі этимологиялық мәні қазақ тілінде басылған аудармалар негізінде сараланатын болады.

Түйін сөздер: Ислам, әулие, дін, тарих, Оңтүстік Қазақстан.

Авторлардың биографисы

А. Өмірбай, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Өмірбай Абзал Саятайұлы (корреспондент автор) – PhD, постдок, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының аға оқытушысы (Астана, Қазақстан, e-mail: kazak_abzal@mail.ru).

А. Амангельдиев , Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Амангелдиев Асан Әзімханұлы – PhD, постдок, старший преподаватель кафедры философии Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева (Астана, Казахстан, e-mail: a.azimkhanuly.gmail.com).

Қосымша файлдар

Как цитировать

Өмірбай A., & Амангельдиев A. (2024). Қазақстанның оңтүстігіне исламның келуі. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 39(3), 90–98. https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v39.c3.r9