Діни бірегейлік: отандық ғалымдар зерттеулері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v39.c3.r1
        151 0

Аннотация

Мақалада қазақстандық ғалымдардың діни бірегейлік бойынша жүргізілген зерттеулеріне шолу жасалады. Қазақстандағы діни бірегейлікті зерттеудің түрлі әдіснамалық тәсілдері мен эволюциясына талдау жасалды. Біз әлемдегі екі жетекші дәйексөз дерекқорлары болып табылатын «Scopus» және «Web of Science» базасынан «Religious identity» түйін сөзін қолдану арқылы табылған отандық зерттеушілердің 21 жарияланымын сапалы талдау негізінде ғылыми нәтиже алдық. Осы зерттеу әдісіне сүйене отырып, біз келесі сұрақтарға жауап беруге тырыстық: Қазақстандық дінтанушылар діни бірегейлік мәселесін зерттегенде қандай аспектілерге назар аударып, қандай ғылыми тұжырымдар жасайды? Діни бірегейліктің қалыптасуына әсер ететін факторлардың иерархиясы қандай? Отандық зерттеушілер діни бірегейліктің басқа бірегейлік салаларымен өзара әрекеттесуін қалай анықтайды, олардың тоғысуы қандай формаларда көрінеді? Жарияланымдарды талдау кейбір терминологиялық жіктеу жүргізуге және қазақстандық ғалымдарға келешекте зерттеу міндеттерін тұжырымдауға мүмкіндік беретін негізгі басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді. Мақалада әйелдердің діни бірегейлігі, олардың діни бірегейлігінің қалыптасуы мен өзгеруіндегі білім, жас, этникалық және мәдени факторларға талдау жасалды. Сонымен бірге, аталған жарияланымдарды талдау отандық ғылымның осы бағыттағы ғылыми артта қалуына әкелетін олқылықтарды анықтауға мүмкіндік берді.

Түйін сөздер: діни бірегейлік, діни құндылықтар, жаһандану, қоғам, сенім, көзқарас.

Авторлардың биографисы

М. Насимов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан

Насимов Мұрат Өрленбайұлы (корреспондент-автор) – саяси ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің доценті (Қызылорда, Қазақстан, e-mail: nasimov_m@mail.ru).

Г. Насимова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Насимова Гүлнар Өрленбайқызы – саяси ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (Алматы, Қазақстан, e-mail: gulnar.nasimova@kaznu.edu.kz).

Қосымша файлдар

Как цитировать

Насимов, М., & Насимова, Г. (2024). Діни бірегейлік: отандық ғалымдар зерттеулері . ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 39(3), 3–15. https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v39.c3.r1