Тәуелсіздік алған жылдары ислам әлеміндегі діннің рөлі
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v39.c3.r5Аннотация
Бұл мақала XX ғасырда тәуелсіздікке қол жеткізген дәуірдегі ислам әлеміндегі діннің шешуші рөлін қарастырады. Осы тарихи кезеңде отаршылдық бағыныштылықтан құтылған ислам әлеміндегі көптеген мемлекеттердің алдында жаңа ұлттық мемлекеттер құру және тұрақты әлеуметтік-саяси жүйелер орнату сияқты бірқатар міндеттер тұрды. Ислам саяси жұмылдыру құралы, жаңа билікті заңдастыру тәсілі, ұлттық және мәдени жаңғырудың қайнар көзі ретінде қызмет атқара отырып, бұл процестердің негізгі өзегі болды. Мақалада исламдық қозғалыстар мен діни нарративтер отаршылдыққа қарсы күреске және одан кейінгі мемлекет құру әрекеттеріне айтарлықтай әсер еткен Алжир және Египет сияқты Солтүстік Африка құрлығы елдеріндегі мысалдарды қарастырады. Талдау Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ислам жаңа ұлттық бірегейліктерді қалыптастырудың шешуші элементіне айналған Орталық Азиядағы жағдайды қарастырады. Зерттеу әртүрлі ислам елдеріндегі дін мен саясаттың өзара әрекеттесуінің ортақ және бірегей аспектілерін анықтайды, сонымен қатар бұл өзара қарым-қатынастың қазіргі қоғамдар үшін ұзақ мерзімді салдарын талдайды. Бұл мақала отарсыздандыру жағдайында исламның қоғамдық-саяси процестердегі және ұлттық мемлекеттердің қалыптасуындағы рөлін ғылыми тұрғыдан тереңірек түсінуге ықпал етеді.
Түйін сөздер: ислам әлемі, Солтүстік Африка континенті, Алжир, Египет, Орталық Азия.