Ислам модельдері және Ислам ақылының модернизациясы
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v39.c3.r6Аннотация
Бұл мақаланың мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттағы діни жағдайға сараптама жасау, оның ішінде Ислам дінінің рөліне тоқтала отырып оның әлемде қалыптасқан модельдерін қарастыру. Сонымен қатар Ислам әлемінің модернизациясы мен оның бізге тән үлгісін іздестіруді де көзделген. Ислам әлемі өте үлкен географиялық аймақта орналасқан, көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерін қамтиды және әр халықтың өзіне тән тілі мен мәдениеті бар. Сондықтан Ислам әлемі бір-біріне мүлде ұқсамайды. Ислам әлемінің әр түрлілігін зерттеу мақсатында авторлар америкалық исламтанушы ғалым К. Эрнесттің көзқарастарына жүгінген. Бұл модельдерді қарастыра келе, қай модель болмасын модернизациялауды қажет ететіндігіне тоқталған. Ислам әлемінің модернизациясы жөнінде ұсынылған М. Жабиридің «Араб ақылына сын» және М. Аркунның «Ислам ақылына сын» жобалары қарастырылған. Аркун Ислам әлемінде қалыптасқан модельдердің көп болғанына қарамастан олардың ортақ тұстары бар екенін, сол ортақ тұстары арқылы модернизациялауды ұсынады. М. Жабири ақыл мен сананы зерттемейінше модернизациялаудың мүмкін еместігіне тоқталады. Сонымен қатар оның эпистемологиялық үзік туралы көзқарастарын тарқата келе қазақ даласында қалыптасқан Исламды үзілген жерінен қайта жалғау мәселесіне тоқталған. Бұл үзікті жалғау жәдитшілдік пен Алаш зиялыларының көзқарастары мен ұстанымдарын қайта жаңғырту арқылы болмақ. Абай, Шəкəрімдер ұстанған мұсылмандық модельдің бүгінгі күнмен байланыстырылуы арқылы болады деген ой түйінделген.
Түйін сөздер: сана, М. Жабири, К. Эрнест, араб ақылы, қазақстандық исламтану, Аркун.