«Ахун» мен «ишан» ұғымдары мен олардың генетикалық түсініктерінің логикалық, семантикалық негіздері
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v40.i4.a7Аннотация
Бұл мақалада ХҮІІІ –ХІХ ғасырлардағы қазақ даласындағы Ахундар мен Ишандар институты туралы зерттелді. Зерттеудің алғы шарты болып Ахун, Ишан түсініктерінің мағынасы ашу болып айқындалды. Ахун мен Ишан сөздерінің шығу тегі, генезисі, семантикасы, этимологиясы, логикасы зерттелді. Бұл түсініктерге берілген әртүрлі анықтамаларды талдай келе, алатмыш сөздердің парсы тілінен енген болуы ықтимал екендігі туралы тұжырым жасалды. Діни лауазымды тұлғалар атауы: Хафиз, Муаддис, мухаддис, Муаззин, Молда, Пір, Әулие (-әнбие), Баб (бап, баба), Тақуа (Дәруіш), Диуана, Сопы (сұпы), Бақсы (шаман), Хазірет, Қазы, Қажы, Қожа, Дамолла, Мүфтилермен Ишанның байланысты қырларына салыстырмалы талдау жасалды. Сондай-ақ, Ахун сөзінің этимологиясы мен түсіндірмелері талдана келе, оларды ерекше атақ лауазымға ие діни тұлға деп түсіндірген көзқарастар келтірілді. Нәтижеде, ишандар мен ахундардың болмысы туралы келесідей тұжырымдарға қолжеткізілді: 3-10 жыл бойы жетік діни білім алған адам; қоғамдық санада арнайы беделге ие болған тұлға, тіптен, кейде мүфтиден төменірек молдадан жоғары мәртебеге ие болған. Ахундар мен Ишандар, олардың атқаратын қызметтері, тұлғалық болмысы, қоғамдағы ролі, алған білімі т.б. саралай келе, автордың өзіндік анықтамасы, сондай-ақ, олардың негізгі болмысы туралы нақты тұжырымдар мен қортындылар ұсынылды.
Түйін сөздер: ахун, ишан, ислам, дін, тұлға, қоғамдық түсінік.