Тәңіршілдік және Аспанға табынушылық: түркі және қытай дәстүрлеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS20254118
        52 0

Аннотация

Берілген мақалада ежелгі түріктердің дүниетаным тұжырымдамасы қарастырылған. Бұл құбылысты түркілердің рухани мәдениетінің негізін құрайтын діни қабылдау элементтерін қамтитын дүниетаным ретінде анықтайтын тәңіршілдіктің рөлі мен орны көрсетіледі. Зерттеудің мақсаты – Тәңіршілдік ұғымын ежелгі түріктердің дүниетанымы ретінде талдау, сондай-ақ түркі «Тәңіршілдігі» мен қытайлық «Аспанға табынушылығын» салыстыру, өйткені бір дүниетаным екіншісінен пайда болды ма, әлде бұл екі тәуелсіз табынушылық (культ) болды ма деген сұрақ туғызатын кейбір аспектілердің айқын ұқсастығын атап айтуға болады. Зерттеудің негізгі бағыттары ежелгі түркілердің наным-сенімдері және мәдени ерекшеліктері, атап айтқанда Тәңіршілдік және ата-бабаға табыну туралы көзқарасын қамтиды. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы түркі дүниетанымын және оның басқа ежелгі мәдениеттермен байланысын терең зерттеу болып табылады. Мақаланы жазу барысында тарихи көзқарас принципін, сипаттамалық әдісті – теориялық және практикалық деректерді жинақтау құралы ретінде қолданылды. Ұсынған мәліметтерге, сондай-ақ осы тақырып бойынша бірқатар ғалымдардың бұрын жүргізген зерттеулеріне сүйене отырып, ежелгі түркілердегі Тәңіршілдік тұжырымдамасы мен қытайлықтардың Аспанға табынушылық арасындағы ұқсастық мәдениеттердің өзара әсерлесуіне байланысты деп болжауға болады. Бұл зерттеудің құндылығы ежелгі түріктер мәдениетіндегі тәңіршілдіктің рөлін түсінуді кеңейту және Еуразияның әртүрлі мәдениеттері арасындағы өзара ықпалдың жаңа аспектілерін анықтау болып табылады. Үлесі екі дүниетанымды егжей-тегжейлі салыстыруы болып табылады және бұл дін мен философия саласындағы зерттеулер үшін жаңа көкжиектер ашады. Зерттеу түріктер мен қытайлардың діни дәстүрлерінің өзара әсерін, сондай-ақ Тәңіршілдік пен ата-баба табынушылығының Орталық Азияның мәдени бірегейлігі үшін маңыздылығын ашады. Сонымен қатар мақала нәтижесі зерттеу саласындағы алдағы зерттеулер үшін негіз бола алады.

Түйін сөздер: тәңіршілдік, аспанға табынушылық, ата-бабаға табынушылық, түркілер, қытай халқы

Авторлардың биографиясы

Ш. Бүркітбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Бүркітбаева Шынарай Дүбірқызы (корреспондент-автор) – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түркітану және тіл теориясы кафедрасының доцент м.а. (Алматы, Қазақстан, e-mail: burkitbaeva.1975@mail.ru).

А. Шарғынова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Шарғынова Анар Еранқызы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: shanara0808@gmail.com).

А. Назарова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Назарова Айым Жамиханқызы – әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасының аға оқытушы (Алматы, Қазақстан, e-mail: Ayim76@mail.ru).

Как цитировать

Бүркітбаева S., Шарғынова A., & Назарова A. (2025). Тәңіршілдік және Аспанға табынушылық: түркі және қытай дәстүрлеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 41(1). https://doi.org/10.26577//EJRS20254118