Терең-ұқсастық метафорасы негізінде исламдық әдіснамалық тәсілдерге рефлексия

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS202541110
        13 0

Аннотация

Мақалада исламдағы методологиялық дәстүрлерге терең рефлексия жасалады. Бұл рефлексияны жүзеге асыру үшін метамодерн тұжырымдамасынан алынған «тереңдік ұқсастығы» (depth-likeness) метафорасы қолданылып отыр. Исламдық ой кеңістігінде қатар өмір сүріп жатқан, кейде бір-біріне мүлдем қарама-қайшы болып көрінетін әдістемелік тәсілдердің барын ескере отырып, оларды бір ғана әмбебап әдістемелік жүйеге сыйғызу – ғылыми таным шекараларын тарылтып қана қоймай, теологиялық ойдың өз өміршеңдігін жоғалтуына да әкелуі мүмкін екендігі атап өтіледі. Зерттеудің алғашқы бөлімінде саляфтар, мутакаллимдер, сопылар мен мұсылман фәлсәфашыларының методологиялық бағдарлары талданады. Олардың барлығы дәстүрлі риуаяттарға сүйенсе де, бұл дәстүрді ұғыну мен қолдану тәсілдері әртүрлі – осы айырмашылықтар ислам әдіснамасындағы терең ішкі келіспеушіліктерді тудырады.Осымен қоса, мақалада ислам дәстүріне деген қатынастың тарихи-философиялық эволюциясы сараланып, фундаменталистік, консервативтік, модернистік, неомодернистік және қазіргі қалыптасып келе жатқан метамодерндік көзқарастардың айырмашылықтары ашылады.«Тереңдік ұқсастығы» метафорасын қолдану арқылы исламдық әдіснамалық тәсілдер болмысты танымның әртүрлі қабаттарымен салыстырылады. Бұл тәсіл исламдық таным жүйесінде тек әдіс қана емес, теологтың бүкіл дүниетанымын, оның болмысқа, Құдайға және адамға деген қатынасын айқындайтын іргелі негіз деген тұжырым жасалады.

Түйін сөздер: исламдық әдіснамалық дәстүрлер, консерватизм, исламдық модернизм және неомодернизм, метамодернизм, тереңдік-ұқсастық.

Автордың биографиясы

T. Седанкина, Ресей Ислам институты, Қазан, Татарстан Республикасы, Ресей

Седанкина Татьяна Евгеньевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ресей Ислам институтының жүйелі теология кафедрасының меңгерушісі (Қазан, Татарстан Республикасы, Ресей, e-mail: tatiana-svetlaya@mail.ru).

Как цитировать

Седанкина T. (2025). Терең-ұқсастық метафорасы негізінде исламдық әдіснамалық тәсілдерге рефлексия. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 41(1). https://doi.org/10.26577//EJRS202541110

Шығарылым

Бөлім

Шетелдік басылымдар