Ислам метафизикасының ортағасырлық дүниетаным контекстіндегі маңыздылығы
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS20254113Аннотация
Бұл мақала исламдық метафизикалық дәстүрді ортағасырлық әлемнің ойлау контекстінде қарастырады. Зерттеудің негізгі мақсаты – ортағасырлық діни-философиялық дискурс кеңістігіндегі ислам метафизикасының рөлін анықтау. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – мұсылман орта ғасырындағы метафизиканың ғаламды шынайы түсінуге қаншалықты жақын болғанын дәлелдеу. Мақаланың практикалық маңыздылығы бүгінгі күнге дейін исламдық дәстүрлі теология өкілдерінің өздерінің дүниетанымының негізгі заңдылықтарын сипаттау кезінде шығыс перипатетикасының жетістіктерін пайдалануынан көрінеді. Мақалада сонымен қатар екі әдіс қолданылады: салыстырмалы талдау және тарихи және логикалық синтез. Мақалада авторлар үш негізгі нәтижені атап көрсетеді: (1) басқа метафизикалық концепциялармен салыстырғанда, ислам метафизикасы ерекше толып табылады, (2) исламдық метафизиканы исламдық философиялық теологияға келтіруге болмайды, (3) исламдық метафизика әлі де діни онтологияға орасан зор әсер етеді. Бұл жұмыстың басты құндылығы – оның практикалық қолдану мүмкіндігі. Бұл зерттеудің тұжырымдары мен идеяларын мұсылман әлемінің әлеуметтік өмірінде де, әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы әртүрлі пәндер шеңберінде де қолдануға болады. Сондай-ақ, осы зерттеу материалдарын пайдалану орта ғасырлардағы араб тілді философияның әдістемелік онтологиясын тереңірек түсінуге көмектеседі. Бұл өз кезегінде метафизиканың тарихи-философиялық тұрғыдан да, қазіргі философия контекстінде де қолдану аясын айтарлықтай кеңейтеді.
Түйін сөздер: метафизика, религиозное мышление, философский дискурс, средневековье, рационализм.