Матуридилік ілім мен қазақ халқының дәстүрлі діни танымындағы тәңірлік атрибуттар: салыстырмалы талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v40.i4.a6
        36 0

Аннотация

Тәңірлік атрибуттар, яғни Құдайға тән сипаттар ислам сенім жүйесіндегі күрделі әрі өзектілігін жоймаған маңызды тақырыптардың бірі саналады. Оның өзекті болу себебі тікелей Жаратушымен байланысты болуында десек қателеспейміз. Ғұламалар арасындағы талас-тартыстардың туындауына да әсер етіп, теологиялық сенім мектептері арасындағы қайшылықтар көбіне осы мәселе аясында өрбіді. Әбу Мансур әл-Матуриди және матуриди сенім мектебінің көрнекті өкілдері де бұл тақырыптан тысқары қалған емес. Басты оппоненттері мұғтазила, жабрия, қадария секілді топтардың көзқарастарына дер кезінде жауап беріп, дұрыс шешімдерді ұсынып отырды. Мақалада сипаттардың генезисі мен эволюциясы баяндалып, дін туралы қалам тербеген қазақ даласының ұлы тұлғаларының түсінігіндегі тәңірлік атрибут ұғымы айқындалады. Қазақ халқының дәстүрлі діни танымын қалыптастырған Абай, Шәкәрім, Ыбырай, Мәшһүр Жүсіп және XIX-XX ғасырлардағы өзге де діни ағартушылар еңбектерінде теологиялық, діни-құқықтық, сопылық бағыттағы мәселелер қамтылды. Олар сол кезеңнің тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан адам ретінде жоғары деңгейде түсінді әрі көпшілік жұрттың деңгейінде жеткізе алды. Шығармалары мен өлең жолдарындағы үзінділер мұны айғақтайды. Біз ұсынған бұл мақалада матуриди сенім мектебі ғұламаларының тұжырымдары қазақ халқының дәстүрлі діни танымымен қаншалықты сабақтасатындығы анықталады. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атап өткен дәстүрлі исламның ғылыми-теориялық негізі теологиялық тұрғыдан дәйектелгенін көрсетеді.

Түйін сөздер: Матуриди сенім мектебі, тәңірлік, атрибут, дәстүр, діни таным

Авторлардың биографисы

С. Шәкизада, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Сырым Шәкизада (корреспондент автор) – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: academic.shakizada@gmail.com)

Ж. Рахимгазиев, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Жайдар Рахимгазиев – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: jaidar_r@mail.ru)

Қосымша файлдар

Как цитировать

Шәкизада S., & Рахимгазиев Z. (2024). Матуридилік ілім мен қазақ халқының дәстүрлі діни танымындағы тәңірлік атрибуттар: салыстырмалы талдау. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 40(4). https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v40.i4.a6