Медреселердің даму эволюциясы және қазақ даласындағы медреселер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS20254224
        152 0

Аннотация

Бұл мақалада VII ғасырда қалыптасқан мұсылмандық білім беру дәстүрінің шынайы көрінісі болған медреселердің тарихи эволюциясы мен олардың Қазақстан аумағындағы діни-мәдени рөлдері талданады. Авторлар медреселердің қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі ықпалы мен олардың дәстүрлі және заманауи білім беру арасындағы байланыстырушы рөлін қарастырады. Зерттеу мақсаты – медреселердің пайда болу алғышарттарын, ортағасырлық ислам қоғамына қосқан ғылыми-мәдени үлесін және тәуелсіздік кезеңінен бергі институционалдық трансформациясын кешенді түрде сипаттау арқылы олардың қазіргі діни-қоғамдық маңызын айқындау. Әдіснамалық тұрғыдан тарихи-салыстырмалы талдау, контент-талдау және архивтік деректерді интерпретациялау әдістері пайдаланылды. Нәтижелер медреселердің қазақ жерінде қалыптасқан кезеңдеріне, құрылымдық ерекшеліктеріне және оқу мазмұнына жүйелі шолу жасап, олардың рухани және мәдени өмірді түрлендірудегі ықпалын ашады; оңтүстік өңірлердегі таралу қарқыны мен ұлттық зиялыларды қалыптастырудағы үлесі нақты мысалдармен дәлелденді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен медреселердің қайта жандануы, колледж мәртебесіне ие болуы және заманауи білім стандарттарын енгізуі олардың дәстүр мен инновацияны ұштастыратын ықпалдастырушы институтқа айналғанын көрсетеді. Зерттеу қорытындылары исламтану, дінтану, тарих, педагогика және мәдениеттану салаларындағы ғылыми ізденістер аясын кеңейтеді әрі діни білім беру саясатын жетілдіруге практикалық бағдар ұсынады.

Түйін сөздер: дін, ислам, тарих, медресе, діни сауат ашу

Авторлардың биографиясы

A. Шаңбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Шанбаева Арайлым Нұрдығұлқызы (корреспондент автор) – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, email: shabaya123@mail.ru).

Ж. Қаңтарбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызы – философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті м.а. (Алматы, Қазақстан, email: kantarbaevaz@mail.ru).

Қ. Бағашаров, СДУ университеті, Қаскелең, Қазақстан

Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы – PhD, СДУ университеті Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Қаскелең, Қазақстан, email: kudaiberdi1981@gmail.com).

Дж. Махони, Канзас мемлекеттік университеті, Манхэттен, АҚШ

Махони Джон – Канзас мемлекеттік университеті философия кафедрасының профессоры (Манхеттен, АҚШ, e-mail:  jmahoney@ksu.edu).

Қосымша файлдар

Как цитировать

Шаңбаева A., Қаңтарбаева, Ж., Бағашаров, Қ., & Махони, Д. (2025). Медреселердің даму эволюциясы және қазақ даласындағы медреселер. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 42(2), 40–55. https://doi.org/10.26577//EJRS20254224