Радикалды қозғалыстардың ықпалына түскен мұсылман әйелдердің әлеуметтік-психологиялық портреті
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS20254111Аннотация
Радикалды діни ұйымдарға кіретін мұсылман әйелдерінің әлеуметтік-психологиялық портреті терең әлеуметтік-мәдени, психологиялық және идеологиялық динамиканы көрсететін әртүрлі факторлардың күрделі өзара әрекеттесуін көрсетеді. Радикалды ұйымдар өз қоғамдарында азаматтық құқығынан айырылған әйелдерді тарту арқылы қоғамдастық пен ынтымақтастық сезімін қамтамасыз етеді. Мақаланың мақсаты ретінде мұсылман әйелдерді радикалды діни ұйымдарға кіруге итермелейтін әлеуметтік-психологиялық факторларды анықтау және зерттеу болып айқындалды. Зерттеу тақырыптың өзектілігі радикалды діни ұйымдарға кіретін мұсылмандардың әлеуметтік-психологиялық портретін зерттеу тек академиялық құндылыққа емес, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету, саясатты құру, қоғамдастықтың тұрақтылығы және қоғамның бірлігі үшін практикалық маңызы бар болуымен анықталады. Мақаланың жаңалығы радикалды ұйымдарға кірген мұсылман әйелдердің әлеуметтік-психологиялық сипаты жасалып, халықтың психологиялық менталитетін ескере отырып, оларды дерадикализациялау бойынша іс-әрекеттер ұсынылады. Мақалада радикалды топтардың қалыптасуы, олардың қоғамдағы рөлі мен радикалды ұйымдардың өздеріне адамдарды тарту жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, мақалада радикалды топтарға қосылған мұсылман әйелдерден алынған сұхбаттарға талдау жасалынып, оларды осы топтарға қосылуға итермелеген себептер мен олардың психологиялық ерекшеліктеріне талдау жасалынды. Итермелеуші себептер мен психологиялық портреті анықталды.
Түйін сөздер: дін, радикализм, әйел психологиясы, мұсылман әйелдер, дерадикализация.