Түркі идиомасындағы теонимдер мен агионимдердің рухани-діни танымы
Аннотация
Мақала түркі халықтарындағы ежелгі түрлі наным-сенімдерге байланысты пайда болған теоним және агионимдердің ерекшеліктерін сипаттауға және талдауға арналған. Теонимдер – түркі халықтарының көптеген қызықты ақпараттар көзі. Жалпы түркі халықтарының тілінде табынуға байланысты пайда болған теоним аттар бүгінгі күнге дейін жәдігер ретінде сақталған. Соның ішінде тарихи этникалық үрдісті сипаттайтын теоним сөздерді лингвомәдени тұрғыдан анықтаудың мәні ерекше. Қазақ халқының басқа ұлттар сияқты ежелден келе жатқан ұлттық әдет-ғұрыптар, дәстүрлері бар, оны қатаң сақтап, көптеген сөздерді астарлы айтқан. Қазақ халқында кездесетін теонимға айналған есімдер, «ат тергеу» салты (жанама аттар) басқа түркі халықтарымен салыстырыла зерттелді. Әсіресе, Сібірдегі түркі тілдес халықтар тыйым салынған, яғни теонимға айналған есімдерді көбірек қолданатыны байқалды. Түркі халықтарының ат қою дәстүрінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра зерттеу үшін алынған кейбір түркі тілдерінде баланы атау рәсіміндегі антропокомпоненттердің жалпы белгілері анықталды. Теоним есімдерді түркі халықтарының этномәдени кеңістігінде қарастыру олардың антропонимдік жүйелерін анықтауға мүмкіндік береді. Түркі тілдерінде теоним аттар көне дәуірде халықтың мифтік наным-сеніміне байланысты көбірек қолданылған.
Түйін сөздер: агионим, теоним, түркі халықтары, тотем, әдет-ғұрып, ат қою дәстүрі, қорғаныш есім








