Араб-қыпшақ тілінде жазылған "Иршадул-мулук уәс-салатин" еңбегіндегі мал союдың діни-құқықтық шарттары: Ханафи фиқһ контексінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS45120261
        51 0

Аннотация

Мақала мәмлүк дәуірінің туындысы болған араб-қыпшақ тіліндегі «Иршадул-мулук уас-салатин» жазба ескерткіш халал мал союдың исламдық нормаларын талдауға арналған. Бұл еңбек түркі-ислам интеллектуалдық дәстүріндегі ханафилік көзқарасты бейнелейтін негізгі құқықтық және теологиялық дереккөз болып табылады. Еңбек лингвистикалық және теологиялық тұрғыдан зерттелгенімен, мәтіннің заңдық аспектісі, әсіресе мал сою мәселесі бойынша, жеткілікті түрде қарастырылмаған. Мақалада мәтіннің «Китаб әз-Забайх» бөлігінде мал союдың қалай реттелетінін зерттеу және мұсылмандар мен кітап иелерінің ислам құқығына сәйкес заңды міндеттерін анықтау мақсаты қойылған. Зерттеуде тарихи-генетикалық әдіс, мәтіндік талдау және салыстырмалы-құқықтық әдістер қолданылады және түпнұсқа араб мәтіні мен оның қыпшақ аудармасы бөлек, бірақ өзара қолдаушы құжаттар ретінде қарастырылады. Шешімдерді жүйелі түрде салыстыру үшін әртүрлі ханафи, малики және шафии фиқһ дәстүрлерінің өкілдері таңдалған. Мәтіннен малды  союдың заңды үш маңызды критерийі сарапталады. Сонымен қатар, мақалада Иршадул-мулук уас-салатындағы құқықтық пікірлердің классикалық ханафилік құқықтануға сәйкес келетіні және мазхабаралық пікірталастарды қамтитыны анықталған. Бұл тұжырымдар мамлүк-қыпшақ контекстіндегі ислам құқығының тәжірибесін жарыққа шығарудағы жұмыстың маңыздылығын көрсетеді. Зерттеуде жасалған ғылыми тұжырымдарын исламтану мамандығын даярлауда теориялық материал ретінде және ислам діни қызметкерлері үшін практикалық ұстаным ретінде қолдануға болады.

Түйін сөздер: Қыпшақ, Ханафи, әз-Забих, Иршадул-мулук уәс-салатин, мәзһаб

Авторлардың биографиясы

Е. Дәкен, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Дәкен Еркінбек – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ислам ілімдері факультеті исламтану кафедрасының оқытушысы, PhD докторант, Алматы, Қазақстан, e-mail: eraltai420@gmail.com

Қ. Төрәлі, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы жанындағы ислам ғылыми-зерттеу институты, Алматы, Қазақстан

Қыдыр Төрәлі Еділбайұлы (корреспондент автор) – филология ғылымдарының кандитаты, доцент. ҚМДБ жанындағы ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, Алматы, Қазақстан, e-mail:  qydyr.torali@gmail.com

Ә. Құранбек, Калифорния университеті, Дэйвис, АҚШ

Құранбек Әсет Абайұлы – философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Калифорния университетінің шақырылған зерттеушісі, Дейвис, АҚШ, e-mail: akuranbek@ucdavis.edu

Қосымша файлдар

Как цитировать

Дәкен, Е., Төрәлі, К., & Құранбек, А. (2026). Араб-қыпшақ тілінде жазылған "Иршадул-мулук уәс-салатин" еңбегіндегі мал союдың діни-құқықтық шарттары: Ханафи фиқһ контексінде. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 45(1), 3–14. https://doi.org/10.26577//EJRS45120261