Цифрлық дін: Қазақстандағы Instagram кеңістігінде әйел діни инфлюенсерлердің парақшаларына контент-талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS20254227Аннотация
Әлеуметтік желілер діни-үгіт насихат жасаудың тиімді құралы болып отырғаны баршаға мәлім. Еліміздегі цифрлық діндарлықты дәріптеуде ерлермен қоса, әйелдердің ықпалы да аса зор. Басқа әлеуметтік желілерден гөрі әсіресе әйел блогерлердің Instagram-ды діни пропаганда ретінде қолдану тенденциясы басым. Мақалада Instagram-дағы танымал әйел блогерлердің діни контент жасау ерекшеліктері зерттелінеді. Осы мақсатта бірнеше діни әйел блогерлер таңдалып, олардың кейстері жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында аталмыш блогерлердің экономикалық, діни және психологиялық тақырыптар бойынша контент жасаудағы тәсілдері, аудиториямен байланысы талданады. Әсіресе әйел блогерлердің жеке тәжірибесі негізінде жүргізетін контенттерінің өзіндік ерекшеліктері, патриархалдық дәстүрлермен байланысы және діни-философиялық элементтері зерттеу нысаны ретінде алынады. Зерттеуде блогерлердің бизнес-модельдері, атап айтқанда Instagram парақшаларын монетизациялау, кітап шығару, марафондар ұйымдастыру және онлайн-курстар өткізу сияқты әрекеттері де қарастырылады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі контенттер арқылы аудиторияның рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру тәсілдері зерттеледі. Бұл зерттеу қазақ қоғамында әйел блогерлердің брендинг, қоғамдық имидж қалыптастыру және аудиториямен әлеуметтік-медиа платформалар арқылы байланыс орнатудағы рөлін айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мақала дәстүрлі діни институттармен және олардың өкілдерімен салыстырғанда әйел блогерлердің әлеуметтік желілерде контент жасау және насихаттау тәсілдерінің ерекшелігін көрсету арқылы қазақ медиа кеңістігіндегі жаңа тенденцияларды ашады.
Түйін сөздер: діни инфлюенсер, Ислам, әлеуметтік желі, Instagram, блогер