Түркияның діни саясатының геосаяси стратегиясы: Қазақстанның әлеуметтік-мәдени кеңістігіне әсер ету ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS20254226
        50 0

Аннотация

Бұл зерттеу Түркияның Қазақстандағы діни саясатының геосаяси стратегиясын талдауға бағытталған, оның ішінде исламның Түркияның моделін мәдени және білім беру бастамалары арқылы тарату механизмдеріне ерекше назар аударылған. Жұмыстың мақсаты – Қазақстанның әлеуметтік-мәдени кеңістігіне түрік діни саясатының, атап айтқанда қазақ-түрік лицейлері жүйесі арқылы әсер ету ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ сыртқы мәдени және діни ықпал жағдайында діни-идеологиялық бірегейліктің қалыптасуын зерттеу. Зерттеудің міндеттері: Қазақстандағы Түркияның діни саясатының эволюциясын зерделеу, аймақта түрік идеологиясы мен білім беру жүйесінің таралуына ықпал ететін негізгі факторларды анықтау, сондай-ақ осы процестердің қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени және саяси салдарына талдау жасау. Зерттеу әдістемесі теориялық және эмпирикалық әдістерді қамтитын кешенді пәнаралық тәсілге негізделген. Зерттеуде діни және білім беру материалдарына, сондай-ақ Түркияның сыртқы саясаты мен Қазақстандағы мәдени бастамаларына қатысты құжаттарға контент-талдау жүргізілді. Салыстырмалы талдау әртүрлі мәдени және білім беру институттарының рөлін бағалау, сондай-ақ Қазақстандағы түрік ықпалын Орталық Азияның басқа өңірлерімен салыстыру үшін қолданылды. Сонымен қатар, сарапшылармен жүргізілген сұхбаттар мен қазақ-түрік лицейлерінің қызметін талдауды қамтитын эмпирикалық зерттеу түрік білім беру моделі мен діни идеологиясының Қазақстанның білім беру және мәдени кеңістігіне ену деңгейін айқындауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері Түркияның діни және мәдени саясатының Қазақстандағы әлеуметтік өзгерістерге және жаһандану жағдайындағы әлеуметтік-мәдени бағдарларға ықпалын тереңірек түсінуге бағытталған.

Түйін сөздер: Түркияның діни саясаты, қазақ-түрік лицейлері, ислам, білім беру бастамалары, жұмсақ күш

Авторлардың биографиясы

М. Эгамбердиев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Эгамбердиев Мырзахан Шәріпбайұлы (корреспондент автор) – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан, е-mail: mirzahan.egamberdiyev@gmail.com).

Б. Үкібай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Үкібай Бибол Бауыржанұлы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасының магистранты (Алматы, Қазақстан, e-mail: biyeke.01@gmail.com).

Как цитировать

Эгамбердиев, М., & Үкібай B. (2025). Түркияның діни саясатының геосаяси стратегиясы: Қазақстанның әлеуметтік-мәдени кеңістігіне әсер ету ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 42(2). https://doi.org/10.26577//EJRS20254226