Дәстүрлі ислам ұғымының ұлттық бірегейлікті нығайтудағы трансформациялық көрсеткіштері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS20254442
        18 0

Аннотация

Мақалада «ұлт бірегейлігін», «рухани бірегейлікті» қалыптастыруға әсер етуші факторлар қарастырылады. Адам өмірінде «бірегейлік» категориясының сыртқы жағдайлардың немесе белгілі бір идеологияның әсер етуінен құбылмалы, кейде жатсыну арқылы бас тарту фактілері сараланады. Бұл ретте, ел аумағында «қазақстандық» және «қазақ ұлты» бірегейлігінің үйлесімді синтезі жағымды түрде қалыптасуда. Сонымен қатар, Қазақстан контекстінде «дәстүрлі ислам» түсінігіне шолу жасалып, негізгі қалыптасқан анықтамалар қарастырылады. Елдің мәдени және діни шеңберін айқындаушы фактор ретінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың негізінде жатқан конфессиялардың үлесі, оның ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әлеуметтік функцияларының көрсеткіштері қарастырылады. Яғни, елдегі ислам дінінің жалғыз өкілдігі ретінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халық сұранысына қарай әлеуметтік, рухани маңызды қызметтері мен іс-шараларына талдау жүргізіледі. Себебі, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, конфессиялардың алуантүрлілігі көп жағдайда түсінбеушілікке, мемлекетпен тіл табыса алмау немесе өзара алауыздыққа әкелетін жағдайлар бар. Сондықтан, мақалада Діни басқарманың қызметі аясында оның жасампаздылық функцияларының, мемлекеттің саясатына сенім білдіру және оны өз сенушілері ішінде жүзеге асыру ерекшеліктері сараланады. Қазіргі таңда дәстүр мен заманауи үрдістерді байланыстыру арқылы ұлттық бірегейлікті жандандыру қарқынды жүргізілуде. Бұл жағдай, халықтың, әсіресе жастардың ұлттық бірегейлік сезімін нығайтуға, өзінің белгілі бір ортаға тиесілігін және қорғанышта екендігін түйсінуіне әсер етеді. Осы жағдайды айқындау мақсатымен, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мен халықтың сұранысын өтеудегі Діни басқарманың шешуші қадамдары және функционалдық көрсеткіштері зерделенеді.

Түйін сөздер: ұлттық бірегейлік, дәстүрлі ислам, мемлекетттік саясат, пандемия, діни сараптама

Авторлардың биографиясы

Қ. Ержан, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Қалмахан Ержан Сейітұлы (корреспондент автор) – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің қауымдастырылған профессоры, Алматы, Қазақстан, e-mail: kalmakhanyerzhan@gmail.com

Л. Қалыбекова, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Қалыбекова Ләззат Ғабитқызы – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті дінтану кафедрасының оқытушысы, Алматы, Қазақстан, e-mail: l.kalybekova@inbox.ru

Как цитировать

Ержан, Қ., & Қалыбекова, Л. (2025). Дәстүрлі ислам ұғымының ұлттық бірегейлікті нығайтудағы трансформациялық көрсеткіштері. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 44(4). https://doi.org/10.26577//EJRS20254442