Ислам құндылықтарының жастар арасында насихатталу жолдары мен рухани дамуға ықпалы
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS45120262Аннотация
Бұл мақалада қазіргі жастар арасында ислам құндылықтарының таралу жолдары мен олардың рухани дүниетанымының дамуына ықпалы ғылыми талдауға алынды. Ақпараттық технология мен жаһандану жағдайында жастардың құндылық бағдарларының өзгеріске ұшырап, рухани құндылық негіздерінің маңызы артып отыр. Осы тұста ислам құндылықтары – адамгершілік, имандылық, ізеттілік, толеранттылық яғни, жастардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына және әлеуметтік мінез-құлқын реттеуде негізгі фактордың бірі ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында ислам дүниетанымын жастар арасында насихаттаудың басты арналары ретінде әуелі отбасы институты мен білім беру жүйесінің (мектеп пен жоғарғы оқу орындары), діни ұйымдар мен ақпараттық-цифрлық кеңістік талданады. Рухани тәрбиенің бастапқы ортасы отбасы болса, ал мектеп пен білім беру орындары жастардың діни сауаттылығын арттырып, сыни ойлауды қалыптастыратын институционалдық орта ретіне қарастырылды. Сондай-ақ әлеуметтік желілілер мен цифрлық кеңістіктің ислам дінін таратудағы маңыздылығы талданды. Мақалада отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми зерттеулеріне сүйене отырып, ислам құндылықтарының жастардың дүниетанымына, моральдық тұрақтылығына, қоғам алдындағы жауапкершілігіне және рухани дамуына оң ықпал ететіні негізделді. Зерттеу нәтижелері егеменді елдің қағидаларына сәйкес ислам құндылықтарын жаһандану нәтижесінде пайда болған ақпараттық құралдар арқылы тиімді насихаттау қажеттігін көрсетеді.
Түйін сөздер: ислам құндылықтары, тәрбие, қазақ жастары, отбасы, руханият








