Қазақстандағы діни қайырымдылықтың келбеті мен әлеуметтік тәжірибелері
Аннотация
Бұл мақалада қайырымдылықтың, қайырымды іс-шаралардың тұрмысы төмен отбасыларға, жеке адамдарға, балаларға деген қамқорлық субьектілері көрсетілді: мемлекет тарапынан, діни ұйымдар тарапынан, жеке адамдар тарапынан. Қайырымдылық шарасының материалдық формалары жіктелді: Қаржылай көмек беру, азық-түлікпен жәрдемдесу. Адамдардың бір-біріне деген қол ұшын беруі түрлері көрсетілді; материалдық жағдайының төмен немесе жақсы екендігіне қарамастан берілетін көмек, діни ұжымдық қауымдастықтың бірін-бірі сыйлауы арқылы қайырымды істер жасау, меценаттардың жалпыхалыққа деген көмегі. Рухани көмек немесе психологиялық қолдау білдіру жолдары ұсынылды: сөз арқылы рухани компенсация жасау, коммуникациялық прагматистік ықпал етулер, адамның ішкі рухани дүниесін кеңейту, екі тарапты бітістіруші медиакорпус,әр түрлі түсінбеушіліктерге рухани кеңес беру, тегін білім мен ақыл-кеңестер беру. Талап етілген қайырымдылықтардың форматтары ұсынылды:мемлекет тарапыпан қойылатын талаптар, діни шарттар бойынша құрылымданған императивтер, ішкі рухани жан дүниесін қанағаттандыруға бағдарланған әрекеттер. Адамның ішкі рухани дүниесіндегі қайырымдылықтардың негіздері сарапталды: еркі бойынша өлшеусіз жасалатын қайырымдылықтар, қайырымдылық жасауға тағайындалған адамдар, қайырымдылықтың қайырын ойламайтындар. Квазиқайырымдылық жасаушылардың келбеті жіктелді: тек «белгілену» үшін ғана аздаған ниет білдірушілер, маған кері қайтсын деп қайырын күтіп отыратындар, есеппен өмір сүріп, қайырымдылық жасап, оны кейін бірнеше есе қылып қайтарып аламын ғой дейтіндер, қайырымды, мейірімді, ізгілікті болып көріну үшін және өзінің қатарын көбейте түсу үшін ғана шағын, болмашы көмектер көрсетіп алдаусырататын прозелитизм.
Түйін сөздер: діни қайырымдылық, субъектілер, ізгілік, ислам діні, руханилық








