Дәстүрлі қазақ қоғамындағы діни қызметкерлердің мемлекет құрылымындағы орны мен рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS20254448
        13 0

Аннотация

Мақала дәстүрлі қазақ қоғамындағы діни қызметкерлер институтының қалыптасуы мен дамуын, олардың әлеуметтік, құқықтық және рухани өмірдегі орнын кешенді түрде талдауға арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты хандық дәуірден бастап ХІХ–ХХ ғасырларға дейінгі кезеңде қожалар, ишандар, ахундар, қазылар, мұхтасибтер мен молдалардың қоғамдық функцияларын айқындап, әдет-ғұрып пен шариғаттың өзара ықпалдасу үлгісін ғылыми тұрғыда зерделеу. Жұмыста дәстүрлі қазақ қоғамында дін мен мемлекеттің арақатынасы, діни биліктің шектелуі және сонымен қатар рухани беделінің жоғары болуы негізгі идея ретінде қарастырылады. Зерттеудің ғылыми мәні қазақ қоғамындағы діни иерархияның локальды, синтездік моделін тарихи деректер негізінде жүйелеуде жатыр. Тәжірибелік маңызы дінтану, тарих, құқық және мәдениеттану салаларындағы оқу курстарында, сондай-ақ зайырлы қоғамдағы дін мәселелерін түсіндіруде пайдалануға болады. Әдіснама ретінде салыстырмалы-тарихи, жүйелік талдау, кросс-мәдени және дінтанулық интерпретация әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде қазақ қоғамында әдет-ғұрып пен ислам шариғатының үйлесімді түрде қатар қолданылғаны, діни қызметкерлердің саяси биліктен тәуелсіз, бірақ рухани тұрғыда ықпалды болғаны анықталды. Бұл еңбек қазақ халқының діни-әлеуметтік тарихын терең түсінуге және ұлттық рухани мұраны ғылыми айналымға енгізуге үлес қосады.

Түйін сөздер: ислам, шариат, қожа, мұхтасиб, молда

Авторлардың биографиясы

Н. Арыстанбекұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Арыстанбекұлы Нұржан – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторанты, Алматы, Қазақстан, e-mail: dmamyrbaj@mail.ru

М. Исахан, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Исахан Мұхан Баймұратұлы (корреспондент автор) – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдени университеті дінтану кафедрасының доценті, Алмыт, Қазақстан, e-mail: alash_ordabasy@mail.ru

Как цитировать

Арыстанбекұлы, Н., & Исахан, М. (2025). Дәстүрлі қазақ қоғамындағы діни қызметкерлердің мемлекет құрылымындағы орны мен рөлі. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 44(4). https://doi.org/10.26577//EJRS20254448