Дәстүрлі қазақ қоғамындағы некенің түрлері мен құдалық және ислам құқығындағы хитба мәселесі

Авторлар

        9 0

Аннотация

Бұл мақала дәстүрлі қазақ қоғамындағы неке түрлерінің мазмұны мен ерекшеліктерін кешенді түрде талдауға арналған. Неке институты қазақ қоғамында тек ер мен әйелдің жеке одағы ретінде емес, әулетаралық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік және құқықтық мәні зор қоғамдық жүйе ретінде қалыптасты. Зерттеуде неке келісіміне қатысушы тараптардың өзара байланысы мен олардың құқықтық салдары қарастырылады. Ата-аналар мен үлкен әулеттің некеге дейінгі келісімдердегі рөлі ерекше назарға алынады, себебі дәстүрлі қоғамда жастардың некесі көбіне ата-ананың шешімімен жүзеге асқан. Әртүрлі неке түрлерінің пайда болу себептері, шарттары және олардың әлеуметтік негіздері талданып, әр неке формасының қоғамдағы орны айқындалады. Сонымен қатар, отбасының қоғамдық мәселелерді шешудегі, тәртіп пен моральдық құндылықтарды сақтаудағы маңызы көрсетіледі. Зерттеу барысында қазақтың дәстүрлі неке түрлері ислам шариғаты нормаларымен салыстырмалы түрде қарастырылады. Бұл салыстыру арқылы шариғат талаптары мен жергілікті әдет-ғұрыптардың өзара ықпалы мен айырмашылықтары анықталады. Сондай-ақ, қазақ қоғамында сөздің, айтылған уәде мен бал ашудың келісімдік-құқықтық күші болғаны көрсетіліп, мұсылман құқығындағы хытба ұғымымен салыстырылады. Нәтижесінде неке қатынастарындағы сөз, ниет және құқықтық жауапкершіліктің маңызы жан-жақты ашылады. Зерттеу дәстүрлі қазақ қоғамындағы тәжірибелерден сөз етеді. Ал, дәстүрлі қазақ қоғамын этнограф ғалымдар ХХ ғасыр басындағы қазан төңкерісіне дейінгі кезеңді айтады. Дегенмен дәстүрлі қоғамдағы тәжірибелер жекелеген жағдайда одан кейін де, тіптен бүгінге дейін жалғасуы мүмкін.

Түйін сөздер: әдет-ғұрып, мұсылмандық құқық, неке, отбасы, дәстүр, қалың мал

Авторлардың биографиясы

T. Имаммәди, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Түсіпхан Имаммади  (корреспондент  автор)  –  PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Ислам ілімдері факультеті, Дінтану кафедрасының доценті м.а. Алматы, Қазақстан, e-mail: m.yusufhan@gmail.com

T. Хамит, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

 Табарак Хамит – Нұр-Мұбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Ислам ілімдері факультеті, Дінтану кафедрасының докторанты, Алматы, Қазақстан, e-mail: tabarakhamit@gmail.com

Как цитировать

Имаммәди T., & Хамит, Т. (2026). Дәстүрлі қазақ қоғамындағы некенің түрлері мен құдалық және ислам құқығындағы хитба мәселесі. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 45(1). вилучено із https://bulletin-religious.kaznu.kz/index.php/relig/article/view/723