Қазақстандағы исламдық білім беру саласында жасанды интеллектіні қолдану: мәселелері мен келешегі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS20254221
        356 0

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстандағы исламдық білім беру үдерісінде жасанды интеллекті (ары қарай – ЖИ) қолдану қарастырады. Зерттеу келешегін талдауға және мұндай пайдаланудың проблемалық аспектілерін анықтауға бағытталған. Зерттеудің мақсаты – исламдық білім беру үдерісіне ЖИ енгізу мүмкіндіктерін зерттеу және білікті исламтанушыларды даярлаудағы қауіп-қатерлер мен этикалық аспектілерді бағалау. Мақаланың әдістемесі исламтану мамандығының студенттері арасында фокус-топтық зерттеуге, сондай-ақ Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бірінің оқытушыларымен сұхбатқа негізделген. Сонымен қатар, аталған тақырып бойынша Google Scholar ғылыми-метрикалық деректер базасынан, және қазақстандық ғалымдардың мақалаларына контент-талдау жүргізілді. Бұл зерттеу нәтижелерінің ғылыми және практикалық маңызы бар, өйткені олар ЖИ-ны исламдық білім беру үдерісіне тиімдірек енгізуге, қазақстандық академиялық стандарттарға сәйкес оқыту әдістерін жетілдіруге және дәстүрлі ислам құндылықтарын сақтауға ықпал етеді. Зерттеу көрсеткендей, қазіргі кезде ЖИ-ке негізделген түрлі қосымшаларды көптеген мамандықтардың студенттері, соның ішінде исламтану мамандығының студенттері белсенді қолданады. Осыған байланысты, мұндай пайдалануды олар үшін қауіпсіз ету, сұрақтарды дұрыс қоюды, қателерді анықтауды үйрету маңызды. Осы шаралардың барлығы жоғары білікті кадрларды даярлауға ықпал ететін болады.

Түйін сөздер: Ислам, исламдық білім беру, жасанды интеллект, ChatGPT, ЖИ сын-қатерлері мен келешегі

Авторлардың биографиясы

E. Оңғар, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Оңғар Ершат Ағыбайұлы – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры (Алматы, Қазақстан, e-mail: ershat.ongarov@gmail.com).

А. Темірбаева , Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Темірбаева Айгерім Алматқызы – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ислам ілімдері факультеті дінтану кафедрасының доцент м.а. (Алматы, Қазақстан, e-mail: temirbayeva.aygerim@gmail.com).

Т. Темірбаев, Эрджиес университеті, Қайсери, Түркия

Темірбаев Талғат Төлеубайұлы (корреспондент автор) – PhD, Эрджиес университеті теология факультеті ислам философиясы кафедрасының ғылыми қызметкері (Қайсери, Түркия, e-mail: talgat.temirbayev@gmail.com).

A. Рыскиева , Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Рыскиева Айымжан Әбуқызы – философия ғылымының кандидаты, доцент м.а., Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ислам ілімдері факультеті дінтану кафедрасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан, e-mail: abuaymjan@gmail.com).

Қосымша файлдар

Как цитировать

Оңғар E., Темірбаева , А., Темірбаев, Т., & Рыскиева A. (2025). Қазақстандағы исламдық білім беру саласында жасанды интеллектіні қолдану: мәселелері мен келешегі. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 42(2), 3–11. https://doi.org/10.26577//EJRS20254221