Түркістан өңіріндегі сакралды нысандарға қатысты аңыз-әпсаналардың типологиясы

Авторлар

  • Ф. Камалова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-9660-0152
  • M. Төлегенов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-8325-3278
  • А. Усаинова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-2092-8733
  • С. Шылмамбетов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-5734-3149

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS20254334
        14 0

Аннотация

Кез келген халықтың діни-рухани, мәдени, тарихи бітім-болмысының басты көрсеткіші – аймаққа, жер-суға, танымал тұлғаларына қатысты ауызша немесе жазбаша түрде жеткен аңыз-әпсаналары. Олардың бірнеше әлеуметтік, психологиялық функциялары бар. Ең алдымен, халықтың тарихи жадысын күшейтіп, елді біріктіруші қызмет атқарады, сонымен қатар тәлім-тәрбие үдерісі арқылы ынтымақ, бірлік, отансүйгіштік сияқты маңызды құндылықтарды дарытады. Бұл тұрғыдан, белгілі бір өңірде, аймақта орналасқан сакралды нысандар жайлы аңыз-хикаялар, әпсаналар айрықша маңызға ие. Сакралды нысандар көбінесе ел есінде қалған бір оқиғамен немесе ерекше қасиеті бір кісімен, табиғаттан тыс құбылыстармен, кереметке, тылсымға толы жайттармен тікелей байланысты болып, табиғи, археологиялық, діни және ғибадат орындары сипатында айқындалады. Қазақстанның барлық аймағында мұндай орындар жиі ұшырасады. Әсіресе Түркістан өңірінде кесене, мазар, сағана, мұнара, мешіт, медресе, ханака, қылует т.б. діни мәндегі ескерткіштер мен үңгір, тау, төбе, жартас, көл, тоғай сияқты табиғи нысандар көп кездеседі. Жергілікті тұрғындар бұларды қасиетті, киелі деп санайды және уақыт өте келе мұнда әртүрлі аңыздар, ырым-тыйымдар мен рәсім-жоралғылар пайда болған. Мұның бәрі кеңінен зерделенген кезде ұжымдық ортақ сана, мәдени бірегейлік, рухани дүниетаным сияқты феномендер және оларды құраушы ұстындар ғылыми негізде анықталатын болады. Мақалада Түркістан өңіріндегі сакралды нысандарға қатысты аңыз-әпсаналардың мазмұндық, құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері талданады. Зерттеу барысында аңыздар типологиялық тұрғыдан жіктеліп, олардың тарихи, мәдени, діни және мифологиялық контекстегі маңыздылығы қарастырылады. Мақаланың мақсаты Түркістан өңіріндегі сакралды кеңістікті тану мен киелі жерлерге байланысты халық жадында сақталған таным үлгілерін таразылау және жүйелеу.

Түйін сөз: Түркістан, сакралды география, аңыз-әпсана, типология, киелі нысандар, фольклор, тарихи жад.

Авторлардың биографиясы

Ф. Камалова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

Камалова Фэриде (корреспондент автор) – PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті теология факультеті дінтану кафедрасының меңгерушісі (Түркістан, Қазақстан, email: feride.kamalova@ayu.edu.kz).

M. Төлегенов , Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

Төлегенов Мұхит – PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті теология факультеті дінтану кафедрасының аға оқытушысы (Түркістан, Қазақстан, email: mukhit.tolegenov@ayu.edu.kz).

А. Усаинова , Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

Усаинова Ақмоншақ – PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті теология факультеті теология кафедрасының аға оқытушысы (Түркістан, Қазақстан, email: akmonshak.ussainova@ayu.edu.kz).

С. Шылмамбетов , Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

Шылмамбетов Саян – PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті теология факультеті философия кафедрасының аға оқытушысы (Түркістан, Қазақстан, email: sayan.shylmambetov@ayu.edu.kz).

Қосымша файлдар

Как цитировать

Камалова F., Төлегенов M., Усаинова , А., & Шылмамбетов , С. (2025). Түркістан өңіріндегі сакралды нысандарға қатысты аңыз-әпсаналардың типологиясы. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 43(3), 31–43. https://doi.org/10.26577//EJRS20254334