Жастардың діни санасына әлеуметтік желінің тигізетін ықпалы
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS20254333Аннотация
Әлеуметтік желі үнемі жетілуімен, әр саладағы қолданысының артуымен күннен-күнге тамыр жайып барады. Цифрлық ақпарат құралдарының үстемдігі кең өркен жайып, әртараптануы діннің де түбегейлі трансформациялануына әкелуде. Қазіргі жастар интернетпен өскен және әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатын ұрпақ ретінде ерекшеленеді, олар әлеуметтік желіні діни мақсатта да пайдаланады. Мақалада жастардың әлеуметтік жеріні қолдануы мен мұсылмандық сенімі арасындағы байланысты айқындау көзделді. Зерттеу сапалық әдіс және бақылау әдісін қолдану арқылы жүзеге асты. Алматыдағы университеттердің әртүрлі мамандықтарында оқитын 15 студентінен сұхбат алынды. Респонденттердің жастары – 17-30 аралығында, 7 ер, 8 қыз. Олар түгелдей әлеуметтік желіні қолданады және көбірек уақытын жұмсайды. Бүгінгі таңда қалаған ақпаратты іздеуде әлеуметтік желі маңызға иеленуде. Сандық ақпарат құралдарының ыңғайлылығы ислами бағыт бойынша да онлайн түрде танытылу жолдарын оңайлатуда. Әлеуметтік желі ислами оқу, білім алудың баламалы, қосымша тәсілдері мен алуан платформаларына жол ашуда. Түрлі қосымшалар діни тәжірибе мен жораларды атқаруға септеседі. Студенттердің жауаптары әлеуметтік желінің дін мен оның құндылықтарды үйрену алаңдарының бірі екендігін, діни көзқарастарына, тақуалығына ықпалын тигізетіндігін қуаттайды.
Түйін сөздер: жастар, әлеуметтік желі, ислам, діндарлық, цифрландыру, діни сенім
