Постсекулярлық қоғамдағы діни үрдістердің діндарлықтың өсуіне әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS20254229
        72 0

Аннотация

Бұл мақала постсекулярлық қоғам контекстінде діндарлықтың күшеюі феномені, постсекуляристік қоғам жағдайында діни үрдістердің діндарлық деңгейінің артуына ықпалы зерттеледі. Мақаланың мақсаты – постсекулярлық кезеңде діндарлықтың ерекшеліктерін, оны қалыптастыратын факторларды анықтап, діни құндылықтардың әлеуметтік өмірге ықпалын талдау. Қазіргі технологиялар мен әлеуметтік медианың дінаралық коммуникацияға, діни көзқарастардың таралуына және діни тәжірибелердің жаңа формаларының дамуына әсерін талдау мақсатында зерттеу феноменологиялық, салыстырмалы және психологиялық талдау әдістеріне сүйене отырып жүргізілді. Зерттеу жаһандану, цифрландыру, бірегейлік дағдарысы және қазіргі әлемдегі рухани бағдарларды іздеу сияқты діндарлықтың өсуіне ықпал ететін негізгі факторларды анықтады. Постсекуляризмнің батыстық либералды демократиялар мен дамушы елдердегі көріністерін салыстыруға ерекше назар аударылды. Талдау нәтижелері постсекулярлық қоғамның дәстүрлі діндарлық формаларына қайта оралудан гөрі, рухани жаңа гибридті формалардың пайда болуымен және діни дәстүрлердің қазіргі заманғы контексте қайта түсіндірілуімен сипатталатынын көрсетеді. постсекулярлық қоғамдағы діни сананың қайта жандануын, индивидуализация мен плюрализация құбылыстарын, сондай-ақ қоғамдық өмір мен жеке тәжірибеде діннің жаңаша мәнге ие болуын көрсету. Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы – постсекулярлық қоғамдағы діни үрдістердің жастар, білім беру, және мәдениет салаларында қалай көрініс табатынын түсіндіруге бағытталған. Діндарлықтың артуы тек институционалды дінге емес, сонымен қатар жеке руханилық пен сенім формаларына да қатысты екені дәлелденді. Сонымен қатар білім беру, әлеуметтану және дінтану салаларына қосымша мәліметтер беріп, заманауи қоғамда діннің рөлін қайта пайымдауға және білім беру бағдарламаларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: діндарлық, діни ағымдар, постсекуляризм, цифрлық дін, діннің саясилануы.

Авторлардың биографиясы

A. Ахметова, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Ахметова Аружан Нұрлыбекқызы (корреспондент автор) – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті исламтану факультеті дінтану кафедрасының PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: aruzhanakhmetova2025@gmail.com).

А. Нұрадинов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Нұрадинов Алматы Сәбитұлы – психология ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті психология кафедрасының доценті (Астана, Қазақстан, e-mail: almat2007@mail.ru).

И. Чалышкан, Анкара университеті, Анкара, Түркия

Чалышкан Исмаил – әлеуметтік ғылымдар докторы, Анкара университетінің профессоры (Анкара, Түркия, e-mail: iscaliskan@ankara.edu.tr).

Как цитировать

Ахметова A., Нұрадинов A., & Чалышкан İ. (2025). Постсекулярлық қоғамдағы діни үрдістердің діндарлықтың өсуіне әсері. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 42(2). https://doi.org/10.26577//EJRS20254229